Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде Мал дәрiгерлiгi комитетiн құру туралы" 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 472 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
I-тармақтағы "осы министрлiктiң орталық аппаратына белгiленген адам саны мен қаражат шегiнде" деген сөздер "оның iшiнде "Қазақстан Республикасының жекелеген министрлiктерi мен ведомстволарының есеп-қаржы қызметiн орталықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 1000 қаулысына сәйкес 13 бiрлiк Ауыл шаруашылығы министрлiгi орталық аппаратының адам саны қысқарту есебiнен және 7 бiрлiк-министрлiктер мен ведомстволар орталық аппаратының адам санын қысқарту есебiнен" деген сөздермен алмастырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi