1. "Қорғау" ұлттық акционерлiк комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 603 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулыға 1-қосымшада:
акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясының иелiк ету, пайдалану және басқару құқығы тоқтатылатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi;
"Қазақ радиотехника зауыты" АҚ, Алматы қаласы;" сөздерiмен толықтырылсын.
2-қосымшада:
акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатылатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнен:
"Наука-Восток" АҚ, Көкшетау қаласы;" сөздерi алынып тасталсын.
4-қосымшада:
акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сенiмдi басқаруға басшыларымен контракт жасалатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi:
"Наука-Восток" АҚ, Көкшетау қаласы";
"Қазақ радиотехника зауыты", Алматы қаласы" сөздерiмен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника мен байланыс жөнiндегi Ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 8 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1,
5-құжат) 15-тармағының; "Қазақ радиотехника зауыты" акционерлiк қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 сәуiрдегi N 446 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 198-құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi