Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер учаскелерiнiң бағалық құнын белгiлеу тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан N 1203

Қолданыстағы
      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ Заң күшi бар Жарлығына және "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 P960576_ қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға
беретiн жер учаскелерiнiң бағалық құнын белгiлеудiң қоса берiлiп
отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 1 қазандағы
                                         N 1203 қаулысымен
                                                Бекiтiлген

           Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер
           пайдалануға беретiн жер учаскелерiнiң бағалық
                         құнын белгiлеу
                            ТӘРТIБI



      1. Осы Тәртiп "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар Жарлығына және "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына сәйкес әзiрленедi.
      2. Жер учаскесiнiң бағалық құнын белгiлеу (жер пайдалану құқығы) азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды ұйымдар оларды меншiкке немесе заңмен белгiленген мақсаттар үшiн тұрақты жер пайдалануға тегiн берудiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалардан тыс мемлекеттен қосымша жер учаскелерiн (жер пайдалану құқығын) сатып алған кезде және жер учаскелерiн өзге заңмен тыйым салынбаған қажеттер үшiн жеке меншiкке сатқан кезде белгiленедi.
      Жер учаскесiнiң бағалық құнын (жер пайдалану құқығын) белгiлеу, сондай-ақ өзге де заңмен көзделген жағдайларда, не жер учаскесiнiң құны немесе жер пайдалану құқығы екi жақтың келiсiмiмен анықталмаған жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Жер учаскесiнiң құнын (жер пайдалану құқығын) белгiлеудi жергiлiктi атқару органдарының бастамашылығы, азаматтар мен заңды ұйымдардың өтiнiштерi бойынша Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары немесе өндiрiстiк бөлiмшелерi жүргiзедi.
      4. Өтiнiштер жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитетке жiберiледi. Өтiнiште бағаланатын учаскенiң бағалау мақсаты, орналасқан жерi және көлемi көрсетiледi.
      5. Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық комитетi немесе оның тапсыруы бойынша өндiрiстiк бөлiмшесi өтiнiш иесiнде жер пайдалану құқығы туралы құжаттардың бар-жоғын тексередi, бағаланатын учаскенiң нақты шекарасын және көлемiн анықтайды (қажет болса), жер учаскесiн сипаттайтын материалдарды талдайды.
      6. Нақты учаскенiң бағалық құны (жер пайдалану құқығы) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе тұрақты жер пайдалануға беретiн жерлер үшiн төлем ставкаларына сәйкес белгiленедi, осы ставкаларға Үкiмет белгiлеген шекте түзету (жоғары немесе төмен) коэффициенттер қолданылады.
      Нақты жер учаскесiнiң құны (жер пайдалану құқығы) жердiң санаттарына және олардың нысаналы пайдалануына байланысты:
      1) азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды ұйымдарға құрылыс салуға берiлген (берiлетiн) немесе өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер, ғимараттар мен олардың кешендерi салынған елдi мекендердiң жерлерiне, үйлер мен ғимараттарға өздерiнiң мақсаттарына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, жер учаскесiнiң орналасқан жерiне, инженерлiк жабдықтары мен жайлылық деңгейiне, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердiң болуына, аумақтың жер бедерiнiң құндылығына, қоршаған табиғи ортаның жай-күйiне және басқа факторларға қарай елдi мекендердiң аумағын аймаққа бөлу нәтижесiнде белгiленген түзету коэффициентi қолданылады.
      Түзету коэффициентi мен аталған аймақтардың шекарасын қала құрылысы құжаттары, елдi мекендердiң аумағының жер-шаруашылық құрылымының жоспарлары, сондай-ақ жердi пайдалану түрi, жер нарығы мәлiметтерi мен басқа ақпараттарды талдау негiзiнде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесiп жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитеттер белгiлейдi және оны жергiлiктi атқару органдары бекiтедi. Ставкалардың жоғарылауы немесе төмендеуiнiң жалпы көлемi екi еседен аспауы керек;
      2) белгiленген тегiн беру нормасынан тыс жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру және саяжай салу үшiн азаматтарға меншiкке берiлетiн қосымша жер учаскелерiнiң бағалық құны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген бағаланатын учаскелерге барынша жақын орналасқан селолық елдi мекендердiң жерi үшiн төлем ставкаларын басшылыққа ала отырып белгiленедi;
      3) азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды ұйымдарға құрылыс салуға берiлген (берiлетiн) немесе өндiрiстiк үйлер, ғимараттар мен олардың кешендерi салынған, үйлер мен ғимараттарға олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, елдi мекендердiң шегiнен тысқары орналасқан жер учаскелерi бойынша бағалау құны Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген облыстық мақсаттағы қалаларда аталған мақсаттар үшiн берiлген (берiлетiн) жерлер үшiн төлем ставкаларының 10 процентi мөлшерiн басшылыққа ала отырып белгiленедi;
      4) мемлекет ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн тұрақты жер пайдалануға беретiн жерлерге жер учаскесiнiң сапалық жай-күйiне, оның орналасқан жерiне, сумен қамтамасыз етiлуiне, қызмет көрсету саласының орталығынан қашықтығына қарай түзету коэффициенттерi қолданылады:

             а) жер учаскесiнiң сапалық жай-күйi

      Алқаптардың түрi мен топырақтардың үлгiсi бойынша жер

учаскесiнiң сапалық жай-күйi жер-кадастр карталары, топырақ,
геоботаника, топырақ-мелиорация және басқа зерттеулердiң
материалдары негiзiнде анықталады.
     Мелиорациялық жай-күйi мен жер қабатының ылдилығына қарай
егiстiк құрамында пайдаланылатын жер учаскесiне жер пайдалану
құқығының бағалық құнын белгiлеу үшiн төмендегiдей түзету
коэффициенттерi қолданылады:
___________________________________________________________________
              Көрсеткiштер                    |  Түзету коэффицентi
___________________________________________________________________
                       1                      |          2
___________________________________________________________________
     Жерлердiң мелиорациялық жай-күйi:
жақсы - топырағы тұзды емес және сортаңдалмаған,
тасы жоқ, эрозияға ұшырамаған; жер асты
суларының тереңде жатуы; тұщы - 3 м астам,
минералды - 6 м астам                                1,1-1,3
қанағаттанарлық - топырағы аздап тұзды,
сортаң, ұсақ тасты, аздап эрозияланған; аз
минералды жер асты суларының тереңде жатуы
3-6 м                                                0,8-1
қанағаттанарлықсыз - топырағы орташа және
күштi тұзды, орта және күштi сортаңдалған,
тасты, орта және күштi эрозияға ұшыраған;
1 г/л астам минералданған жер асты суларының
тереңде жатуы - 3 м төмен                            0,5-0,7
Градуспен алғанда жер қабатының ылдилығы
             2-ге дейiн                              1
             2,1-5                                   0,95э
             5,1-10                                  0,9
             11-15                                   0,85
             15-тен жоғары                           0,5
     Учаскенiң сапалық жай-күйi мен жер қабатының ылдилығына қарай
табиғи жем-шөптiк алқаптар (шабындық, жайылым) құрамында
пайдаланылатын жер учаскесiне жер пайдалану құқығының бағалық құнын
белгiлеу үшiн мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
____________________________________________________________________
              Көрсеткiштер                    |  Түзету коэффицентi
___________________________________________________________________
                       1                      |          2
___________________________________________________________________
               Шабындықтар үшiн
               Жердiң жай-күйi:
жақсы - жер учаскесi ласталмаған, бұталар
өспеген, ағашы жоқ, тассыз, аймақтық
өсiмдiктердiң жақсы белгiлерi бар                   1,1-1,3
қанағаттанарлық - жер учаскесi ласталған,
бұталар, ағаш өскен, тасты, өсiмдiк құрамының
аймақтық құрылысы бұзылған. Аталған белгiлер
аумақтың 40 процентiне дейiнгi алаңынан
көрiнедi.                                           0,9-1
қанағаттанарлықсыз - жер учаскесi ласталған,
ағаш, бұта өскен, тасты, өсiмдiк құрамының
аймақтық құрылымы бұзылған. Аталған белгiлер
аумақтың 40 процентiнен астам алаңынан
көрiнедi                                            0,5-0,8
     Градуспен алғанда жер қабатының
            ылдилығы
            2-ге дейiн                              1
            2,1 - 5                                 0,95
            5,1 - 10                                0,9
            11 - 15                                 0,85
            15-тен жоғары                           0,5

                      Жайылымдар үшiн
                      Жердiң жай-күйi:
жақсы - жер учаскесi ласталмаған, бұталар
(азыққа жарамайтын бұталар) ағаш өспеген,
тасы жоқ, аймақтың өсiмдiктерiнiң жақсы
белгiлерi бар                                      1,1 - 1,3
қанағаттанарлық - жер учаскесi ласталған,
бұталар (азыққа жарамайтын бұталар),
ағаштар өскен, тасты, өсiмдiк қабатының
аймақтық құрылысы бұзылған, жайылымы қатты
тапталған, жалаңаштанған сор, сортаң
топырақты, тақыр. Аталған белгiлер аумақтың
40 процентiне дейiнгi алаңнан көрiнедi             0,9-1
қанағаттанарлықсыз - жер учаскесi ласталған,
бұталар (азыққа жарамайтын бұталар), ағаш
өскен, тасты, өсiмдiк қабатының аймақтық
құрылымы бұзылған, жайылымы қатты тапталған,
жалаңаштанған сор, сортаң топырақты, тақыр.
Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiнен
астам алаңынан көрiнедi.                           0,5 -0,8
     Градуспен алғанда жер қабатының
            ылдилығы
            12-ге дейiн                            1
            13-20                                  0,8
            20-дан жоғары                          0,6

              б) жер учаскесiнiң суландырылуы
                  (сумен қамтамасыз етiлуi)

     Жер учаскесiнiң суландырылуына (сумен қамтамасыз етiлуiне)
қарай жер пайдалану құқығының құнын белгiлеу үшiн мынадай түзету
коэффициенттерi қолданылады:
___________________________________________________________________
     Көрсеткiштер                    |  Түзету коэффицентi
___________________________________________________________________

           Суландырылуы:
суландыратын                                 1-1,2
суландырылмайтын                             0,5-0,8

              в) жер учаскесiнiң орналасқан жерi

     Шаруашылық жүргiзу орталығынан қашықтығы бойынша орналасқан
жерiне қарай жер учаскесiнiң (жер пайдалану құқығы) құнын белгiлеу
үшiн мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
___________________________________________________________________
     Қашықтығы, шақырым                |  Түзету коэффицентi
___________________________________________________________________
5-ке дейiн                                     1,2
5-10                                           1
10-20                                          0,9
20-30                                          0,8
30-дан жоғары                                  0,7

              г) жер учаскесiнiң қызмет көрсету саласы
                     орталықтарынан қашықтығы

     Өткiзу нарығынан, жабдықтау базаларынан пайдаланылатын жердiң
(жер учаскесiнiң) қашықтығына және жолдардың сапасына қарай жер
учаскесiнiң (жер пайдалану құқығының) құнын белгiлеу үшiн мынадай
түзету коэффициенттерi қолданылады:
___________________________________________________________________
  Қашықтығы,       | Тас жолдар   |Қиыршық тас    | Жай жолдар
   шақырым         |              |төселген жолдар|
___________________________________________________________________
20-ға дейiн              1,4            1,1           0,7
21-40                    1,2            0,9           0,6
41-60                    1              0,7           0,5
61-80                    0,8            0,5
81-100                   0,6
100-ден жоғары           0,5



      Нақты жер учаскесiне жер пайдалану құқығының бағалық құнын белгiлеудi арттыратын немесе кемiтетiн бiрнеше факторлар болған жағдайда коэффициенттер көбейтiледi. Ауыл шаруашылығы жерлерiнде аталған құқықтың бағалық құнын арттырудың немесе кемiтудiң жалпы мөлшерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген төлем ставкаларының 50 процентiнен аспауы керек.
      7. Осы Тәртiптiң 6-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетiлген жер учаскелерiнiң (жер пайдалану құқығының) бағалық құнын белгiлеу кезiнде аталған тармақтың 4 г) тармақшасында белгiленген қызмет көрсету саласынан осы учаскелердiң қашықтығына арналған түзету коэффициенттерi қолданылады.
      8. Жер учаскелерiнiң жеке меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өтiнiшi бойынша (жер пайдалану құқығының) жерге орналастыру жұмыстарын орындау олардың қаржысы есебiнен жүргiзiледi. <*>

     ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. 
              N 505 қаулысымен.  

P970505_

 
     9. Жер учаскесiнiң бағалық құнын (жер пайдалану құқығын)
белгiлеу қосымшаға сәйкес актiмен ресiмделедi.
     Жер учаскесiнiң бағалық құнын (жер пайдалану құқығын) белгiлеу
актiсiне тиiстi аумақтық жер қатынастары және жерге орналастыру
комитетiнiң төрағасы қол қояды және оны тапсырыс иесiне бередi.

                                                   Қосымша

                  Жер учаскесiнiң бағалық құнын
                (жер пайдалану құқығын) белгiлеу
                              АКТIСI

1. Осы актi азамат ________________________________________________
___________________________________________________________________
                          (фамилиясы, аты-жөнi)
заңды тұлға _______________________________________________________
                                    (атауы)
өтiнiшiне сәйкес немесе ___________________________________________
________________________________________________тапсыруы бойынша
     (атқару органының атауы)
___________________________________________________________________
                        (келiсiмнiң атауы)
байланысты толтырылды.
2. Жер учаскесiн нысаналы пайдалану _______________________________
___________________________________________________________________
3. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi ________________________________
___________________________________________________________________
4. Жер учаскесiнiң бағалық құнының (жер пайдалану құқығының) есебi:
___________________________________________________________________
Аймақтың нөмiрi (елдi |Көлемi  | Жер үшiн|  Түзету    |Бағалық құны,
мекендердiң жерi үшiн)|гектар, |  төлем  |коэффициентi|теңгемен
алқаптың түрi,        |шаршы   |ставкасы |            |
топырақтың үлгiсi,үлгi|метр    |теңгемен |            |
тармағы (ауыл         |        |         |            |
шаруашылығына         |        |         |            |
пайдаланылатын жер үшiн)       |         |            |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қорытындысы
5. Жер учаскесiнiң бағалық құны (жер пайдалану құқығы)_____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                       (сомасы, жазба түрде)
______________аудандық (қалалық) жер қатынастары __________________
және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
" " ____________________199__жыл                 __________________
                                                       (қолы)
     М.О.