"Шымбұлақ" биiк тау шатқалы спорт кешенiнiң базасында бiрлескен кәсiпорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан N 1202

Қолданыстағы

      "Шымбұлақ" биiк тау шатқалы спорт кешенiн дамыту және оны жаңғырту үшiн, қыс маусымының жақындауына байланысты шұғыл шаралардың қажеттiгiн ескере отырып инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. "Тянь-Шань Ски ресортс" компаниясының Шымбұлақ мүлiктiк кешенi базасында "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi үстiмiздегi жылдың 15 қазанына дейiн "Тянь-Шань Ски ресортс" компаниясымен "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы құрылтай шартын әзiрлеп, қол қойсын.
      3. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 аулысымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнен "Шымбұлақ" шатқалы спорт кешенi қазыналық кәсiпорны алынып тасталсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiккомитетiнiң төрағасы С.С.Қалмырзаевқа жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi