Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 қыркүйек N 1145

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Төралқасы мәжiлiсiнiң 1996 жылғы 8 тамыздағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен мыналар алынып тасталсын:
      "Фосфохим" АҚ, Ақтөбе облысы;
      "Петропавл шағын литражды двигательдер зауыты" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы.
      2-тармақ. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.10.30.
               N 1309 қаулысымен. P961309_
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының
Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiмен бiрлесiп мынадай
акционерлiк қоғамдарды жекешелендiру жөнiндегi жұмысты жеделдетсiн:
     "Актюбрентген" АҚ, Ақтөбе облысы
     "Химпром" АҚ, Павлодар облысы
     "Аспап жасау зауыты" АҚ, Көкшетау облысы
     "Петропавл электроқшауландыру материалдары зауыты" АҚ, Солтүстiк
Қазақстан облысы.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi