Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдары мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлiк қоғамының газ тасымалдау жүйесi объектiлерiн мүлiктiк жалдауға, сенiмдi басқаруға және жекешелендiруге беру жөнiндегi ұсынылып отырған шаралар жоспары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңда белгiленген тәртiппен:
"Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлiк қоғамының газ тасымалдау жүйесi объектiлерi жөнiндегi аталған шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн;
газ шаруашылығы акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату үшiн қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен "Алаугаз" акционерлiк қоғамының газ тасымалдау жүйесi объектiлерiн мүлiктiк жалдауға, сенiмдi басқаруға және жекешелендiруге беру жөнiндегi шараларға байланысты жұмыстарды жүзеге асыруда өкiлеттi консультанттарға қажеттi жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 17 қыркүйектегi
N 1126 қаулысымен
Бекiтiлген
"Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы мен "Алаугаз"
АҚ газ тасымалдау жүйесi объектiлерiн мүлiктiк жалдауға, сенiмдi басқаруға және жекешелендiруге беру жөнiндегi шаралар жоспары
--------------------------------------------------------------------
Шаралар і Орындалу мерзiмi
--------------------------------------------------------------------
I кезең. Дайындық кезеңi
1 Объектiлердiң қызметiне және бәсекелестiк 1996 жылғы
қабiлетiне талдау жасау 20 қыркүйекке дейiн
2 "Қазақгаз" МКХ объектiлерiн мүлiктiк 1996 жылғы
жалдауға беру жөнiндегi негiзгi шарттарын 20 қыркүйекке дейiн
(концессия) әзiрлеу
3 "Қазақгаз" МКХ объектiлерiнiң концессияға 1996 жылғы
беруге жататын мүлiктiк кешендердi бөле 30 қыркүйекке дейiн
отырып ұйымдастыру-құрылымдық, технологиялық
және басқа қайта жаңғыртуларды әзiрлеу мен
жүзеге асыру
II кезең. Тендерлiк процесс
4 Тендерге қатысуға шақыруларды жiберу 1996 жылғы
1 қазанға дейiн
5 Ақпараттық меморандумды (тендерлiк 1996 жылғы
құжаттарды) жiберу 1 қазанға дейiн
6 Инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру 1996 жылғы
(ақпараттық бөлмелердi әзiрлеу, 15 қазанға дейiн
объектiлерге бару және т.б.)
7 Тендерлiк ұсыныстарды қабылдау және талдау 1996 жылғы
30 қазанға дейiн
8 Жеңiмпазды анықтау 1996 жылғы
5 қарашаға дейiн
9 Тендер жеңiмпазымен келiссөздер жүргiзу 1996 жылғы
20 қарашаға дейiн
10 Шартқа қол қою 1996 жылғы
30 қарашаға дейiн
III кезең. Қорытынды кезең
11 "Алаугаз" АҚ-ын тендер арқылы Жоғарыда көрсетiлген
жекешелендiру жөнiндегi шараларды жүргiзу шараларды
өткiзгеннен кейiн
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 17 қыркүйектегi
N 1126 қаулысымен
Қосымша
Мемлекеттiк акциялар пакетi тендер арқылы сатылу жолымен
жекешелендiруге жататын газ шаруашылығы акционерлiк
қоғамдарының
ТIЗБЕСI
Ақмола ГШАҚ
Алматы ГШАҚ
Жамбыл ГШАҚ
Жезқазған ГШАҚ
Қарағанды ГШАҚ
Қызылорда ГШАҚ
Көкшетау ГШАҚ
Солтүстiк Қазақстан ГШАҚ
Талдықорған ГШАҚ
Темiртау ГШАҚ
Торғай ГШАҚ
Оңтүстiк Қазақстан ГШАҚ
"Өскемен Алаугаз" АҚ
"Павлодар газ шаруашылығы" АҚ
Алматы iске қосу-ретте АҚ