Қазақстан Республикасында өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 қыркүйек N 1110. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, елде бәсекеге қабiлеттi өнiмдер өндiрiсi мен оны сатудың автоматтандырылған есебiн қамтамасыз ету, халықаралық тауар нумерациясы жүйесi негiзiнде тауар өндiрушiнi бiрегейлендiру, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметi үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi: 
      заңды тұлғалар өндiретiн және сататын өнiмдерге штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын; 
      өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгiзудi регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың әзiрлемесiн, тұтыну тауарлар мен көлiктiк буып-түюлердi таңбалау үшiн штрихтық шартты белгiлердi пайдалану тәртiбiн қамтамасыз етсiн; 
      "EAN Қазақстан" заттық нумерациялар ассоциациясына халықаралық талаптарға сәйкес, сондай-ақ EAN International халықаралық заттық нумерациялар жүйесiне шоғырлану мақсатында Қазақстан Республикасының өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi республикалық әдiстемелiк орталығының функцияларын үлестiрiп берсiн; 
      Қазақстан Республикасында өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi бiрыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру үшiн жауапты бас ұйымды айқындасын; 
      тауар және дайындаушы, өнiмдердiң бiрегейлiгi, өндiрiлетiн және сатылатын өнiмдер туралы есепке алу мен есеп берудiң тиiмдiлiгiн арттыру туралы ақпараттар берудiң қазiргi заманғы технологияларын енгiзу мақсатында өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесi бойынша ұйымдардың мамандарын оқытуды ұйымдастырсын; 
      штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгiзудiң кезең-кезеңдiк кешендi бағдарламасын әзiрлесiн; 
      1997 жылдың 1 қаңтарына өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн мiндеттi түрде пайдалану жөнiндегi дайындық жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн; 
      1997 жылдың 1 наурызына дейiн бұқаралық ақпарат құралдарында өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi нормативтiк құжаттар туралы хабарламалар жарияласын. 
      2. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары меншiктiң барлық нысанындағы заңды тұлғалар: 
      Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн өнiмдердi мiндеттi түрде штрихты шартты белгiлеу жүйесiн 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап енгiзу жөнiндегi дайындық жұмысын жүргiзсiн; 
      өнiмдердi штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi жұмыстарды заттық нумерацияларды пайдаланушылар қаражаты есебiнен қаржыландыруды жүзеге асырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi, Әдiлет министрлiгi, Кеден комитетi 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап меншiктiң барлық нысанындағы заңды тұлғалардың өнiмдердi мiндеттi түрде штрихты шартты белгiлеу жүйесiн енгiзу жөнiндегi ұйымдық және құқықтық шаралар өткiзуiн қамтамасыз етсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi