Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 қыркүйек N 1085. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.17. N 289 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      "Қазақстан Республикасының мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасының мерзiмдi әскери қызметке шақырудан кейiнге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтары санаттарының тiзбесiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 
      1-тармақта " Кәсiптiк-техникалық училищелердiң" деген сөздер "Кәсiптiк-техникалық мектептердiң және кәсiптiк-техникалық лицейлердiң" деген сөздермен, "училищелердi" деген сөз "оқу орындарын" деген сөздермен алмастырылсын; 
      2-тармақта "өзен училищелерiнiң, теңiз техникумының" деген сөздер "Өзен және теңiз флотының, азаматтық авиацияның жұмысшылары мен орта буын мамандарын даярлайтын кәсiптiк-техникалық лицейлердiң және колледждердiң" деген сөздермен, "оқуын" деген сөз "осы оқу орындарын" деген сөздермен алмастырылсын; 
      3-тармақта "Темiр жол училищесiнiң" деген сөздер "Кәсiптiк-техникалық мектептерi мен кәсiптiк-техникалық лицейлерiнiң" деген сөздермен, "оқуын" деген сөз "осы оқу орындарын" деген сөздермен алмастырылсын; 
      4-тармақта "Олимпиада резервi училищелерiнiң" деген сөздер "Спорт колледждерiнiң" деген сөздермен алмастырылсын; 
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Толық орта бiлiмi бар, 17 жасқа дейiн жоғары бiлiм жүйесiнде жұмыс iстейтiн және әскерлерде қызмет атқаратын мамандарды даярлайтын колледждерге қабылданған әскерге шақырушылар-оқуын бiтiргенге дейiн, бiрақ жасы 20-дан аспауы керек". 

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрi