Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 1281 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 қыркүйек N 1082

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Тұрғын үй нарығын одан әрi дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 1281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 31, 385-құжат) мынадай өзгерту мен толықтыру енгiзiлсiн:

     4-тармақта:
     бiрiншi абзацтағы "коммерциялық конкурстарда" деген сөздерден
кейiн, "сондай-ақ аукциондарда" деген сөздермен толықтырылсын;
     екiншi абзацтағы "инвестициялық конкурстар" деген сөздер
"саудаластықтар" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi