Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және талантты жас ғалымдарды мемлекеттiк қолдау шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 28 тамыз N 1063

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 U962895_ Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшiн әрқайсысы жыл сайын республикалық бюджетте белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң 10 еселенген мөлшерiнде 75 мемлекеттiк ғылыми стипендия және талантты жас ғалымдар үшiн - әрқайсысы айлық есептiк көрсеткiш көлемiнiң 7 еселенген мөлшерiнде 150 мемлекеттiк ғылыми стипендия тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым

академиясы екi ай мерзiмде мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралы
ереженi әзiрлесiн және Үкiметтiң бекiтуiне ұсынсын.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдан
бастап республикалық бюджет қаражатын қалыптастыру кезiнде
мемлекеттiк ғылыми стипендияларды төлеуге арнап қаражат көздейтiн
болсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi