Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Кеден төлемдерiнiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 қаулысына қосымшадағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 441-бап): "оның iшiнде: жеке адамдар өткiзген көлiк құралдарын кедендiк ресiмделген үшiн бiреуiне 15 экю" жолы алынып тасталсын. 2. <*> ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.31. N 1748 қаулысымен. P961748_ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi