Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1996-1997 жылдары мемлекетаралық және республикаiшiлiк қатынастарда темiр жол жүктерiн тасымалдауға арналған бiрыңғай тарифтерге кезең-кезеңмен өтудi қамтамасыз етсiн. Республикаiшiлiк қатынастардағы темiр жол жүктерiн тасымалдауға арналған тарифтер: I кезең : 1996 жылғы 1 қазаннан бастап - 9 процентке; II кезең : 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап - 9 процентке; III кезең : 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап - 9 процентке; IҮ кезең : 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап - 7 процентке; Ү кезең : 1997 жылғы 1 қазаннан бастап - 8 процентке өсiрiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi