Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 132 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 16 тамыздағы N 1021

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкi Кеңесiне уәкiлдi өкiл және оның орынбасарын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 132 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары М.К.Кетебаев Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкi Кеңесiне Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлi болып тағайындалсын.
      Шөкеев Ө.Е. Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкi Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының уәкiлдi өкiлi мiндетiнен босатылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi