1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 14 тамыз N 1010. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.04.09. N 384 қаулысымен. ~P990384

Күшін жойған

      Елiмiздiң экономикасын энергиямен қамтамасыз ету проблемаларын кезең-кезеңмен шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi әзiрлеген 1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар бағдарламасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Экономика министрлiгiмен және Мемлекеттiк электр энергетикасын реттеу комиссиясымен бiрлесiп 1997-2000 жылдарға арналған индикативтiк жоспарларды жасаған кезде салада жүргiзiлген құрылымдық-экономикалық өзгерiстердi ескере отырып аталған

бағдарламаға қажеттi түзетулер енгiзсiн.
     3. Осы қаулының орындалуына және электр энергетикасы саласын
дамыту жөнiндегi жұмыстарды жалпы үйлестіруге бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне
жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары