1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1442 P951442_ қаулысымен белгiленген Қазақстан Республикасы ведомстволарының орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 1-қосымшаға сәйкес қысқартылсын.
2. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1442 қаулысымен белгiленген министрлiктердiң орталық аппараты
қызметкерлерiнiң шектi саны 2-қосымшаға сәйкес көбейтiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының жекелеген министрлiктерi мен ведомстволарының шектi шығыстарына тиiстi өзгертулер енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 1000 қаулысына 1 қосымша Орталық аппарат қызметкерлерiнiң штаттық саны қысқартылатын Қазақстан Республикасы ведомстволарының ТIЗБЕСI ___________________________________________________________________ Ведомстволар Адам саны ___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi жанындағы "Қазақстан" мемлекеттiк кинокомпаниясы 5 Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi 2 Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк 1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетi 6 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет 4 Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет 2 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 1000 қаулысына 2 қосымша Орталық аппарат қызметкерлерiнiң штаттық саны көбейтiлетiн Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерiнiң ТIЗБЕСI ___________________________________________________________________ Министрлiктер Адам саны ___________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi 3 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы 2 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 7 Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1