Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1790 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы" атты қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда берiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 994 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы Төраға Комиссия мүшелерi Атқарушы аппарат Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу және бақылау басқармасы Бағалы қағаздар нарығы кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттеу басқармасы Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету басқармасы Сараптау талдау басқармасы Атқарушы аппараттың жұмысын ұйымдастыру басқармасы Төлем жүйесiнiң қызметiн реттеу бөлiмi Қаржы бөлiмi