Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыздағы N 982

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына құқықтық консультациялық көмек көрсету мәселелерi бойынша шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен шарттар /контрактiлер/ жасасу практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, ведомстволары және Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен жасасатын барлық шарттар /контрактiлер/ Қазақстан Республикасының

Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп
белгiленсiн.
     2. Жоғарыда аталған шарттарды /контрактiлердi/ жасасу туралы
келiссөздердi жүргiзу жөнiндегi делегациялардың құрамына Қазақстан
Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi кiруi тиiс деп
айқындалсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi