Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 мамырдағы N 591 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыздағы N 981

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 мамырдағы N 591 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 21, 182-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
      3-тармақтың күшi жойылған деп танылсын;
      4-тармақтағы "Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi" деген сөздер алынып тасталсын.
      Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 1996-1998 жылдарға арналған жалпыға бiрдей құқықтық оқудың кешендi бағдарламасындағы:
      28 рет нөмiрi алынып тасталсын;
      29 рет нөмiрiнiң 2 бағанындағы "министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар және олардың аумақтық органдары аппараттарының лауазымды тұлғалары мен мамандарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерiн" деген сөздер алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi