Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 қаулысына өзгерту мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 6 тамыздағы N 972

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға
арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметi 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 қаулысының
2-қосымшасына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3,
17-бап/ мынадай өзгерту мен толықтыру енгiзiлсiн:
     рет нөмiрi 52-жол алынып тасталсын;
     5-бағанның рет нөмiрi 140-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бiлiмминi,
     Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы
     /Фараби қоры/ жас таланттарды
     қолдау қоры,
     Экономминi,
     Қаржыминi"

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi