Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 тамыз N 964. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.03. N 326 қаулысымен. ~P010326

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Еңбекшiлердiң өндiрiсте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп-тексеру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 P941414_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 47, 527-құжат) бекiтiлген "Еңбекшiлердiң өндiрiсте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп-тексеру туралы Ережеге" мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      22 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитеттiң (Қазақстан Республикасының Мемкентехқадағалауы) бақылауындағы объектiлерде болған бақытсыз жағдайларды тексерудi Мемкентехқадағалау өкiлiнiң төрағалығымен комиссия жүргiзедi";

 

     26 тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакциямен мазмұндалсын:

     "Қазақстан Республикасының энергетика және көмiр өнеркәсiбi

министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалауының және басқа да

еңбектi қорғаудың мемлекеттiк және ведомстволық қадағалауы мен

бақылауындағы объектiлерде болған бақытсыз жағдайлар олардың

өкiлдерiнiң қатысуымен тексерiледi. Өткiр кәсіби сырқаттар (улану)

жағдайларын тексеру кезiнде Мемсанқадағалау органдарының мамандары

қатысады".


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi