Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1781 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 30 шiлде N 950. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1655 қаулысымен.

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк

комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1781 қаулысына
мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
     Аталған қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы" деген
қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда берiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 30 шiлдедегi
                                          N 950 қаулысына
                                              қосымша

       Қазақстан Республикасы Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк
                      комитетi орталық аппаратының
                                ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық

     Мемлекеттiк тiлдi, терминологиялық және ономастикалық
     жұмысты дамыту жөнiндегi бас басқарма

     Ұлт саясатын талдау және үйлестiру бас басқармасы

     Сыртқы байланыстар және қазақ диаспорасымен жұмыс
     жөнiндегi бөлiм

     Ұлт тiлдерiн дамыту жөнiндегi бөлiм

     Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөнiндегi бөлiм

     Кадрлар мен азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс және арнаулы
     жұмыстар жөнiндегi бөлiм

     Қаржы-экономика бөлiмi

     Аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi басқарма