1. Туристiк қызметтi лицензиялауға қоса берiлiп отырған бiлiктiлiктi айқындау талаптары бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысының 1-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 41, 515-бап) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
лицензиялауға жататын қызметтiң барлық түрлерiне лицензиялар, оның iшiнде патент түрiнде беруге өкiлеттiк мемлекеттiк органдардың (лицензиялардың) тiзбесi реттiк 28 нөмiрiмен толықтырылсын: 28. Қазақстан Республикасының жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi - туристiк қызмет. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 шілдедегi N 918 қаулысымен бекiтiлген Туристiк қызметтi лицензиялауға бiлiктiлiктi айқындау талаптары Туристiк қызметтi жүзеге асыру құқына лицензия алушы заңды және жеке тұлғалардың бiлiктiлiгi мынадай талаптармен айқындалады: I. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетелдiк туристердi қабылдау мен қызмет көрсету, шетелге туристiк сапарлар ұйымдастыру, транзит туристерге қызмет көрсету, iшкi туризмнiң барлық түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде 1. Арнайы бiлiмi мен туристiк ұйымдарда еңбек стажы 2 жылдан кем емес және шет тiлiн бiлетiн қызметкерлерi болса. 2. Туристiк қызмет көрсетуде әзiрленген туристiк маршруттары мен бағдарламалары болса. 3. Туристiк жолдамада ұсынылатын қызметтер тiзбесi болса. 4. Туристердi қабылдау үшiн қажеттi жеке меншiк немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы: туристiк объектiлерi (қонақ үйлер, кемпингтер, аңшы, балықшы үйлерi); туристiк керек-жарақтары; туристерге қызмет көрсетуге қажеттi көлiк; туристiк ұйымның кеңсесi үшiн үй-жайы болса. 5. Шетелдiк туристiк ұйымдармен және Қазақстандағы туристiк объектiлермен шарттары болса. 6. Туристердi медициналық сақтандыру және олардың мүлкiн сақтандыру туралы сақтандыру фирмаларымен (компанияларымен) шарттары болса. 7. Туристiк сапарлар мен жорықтарды ұйымдастыру кезiнде денсаулықты сақтау және қауiпсiздiк техникасы қамтамасыз етiлсе. II. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк туристiк сапарларын ұйымдастыру, транзиттi туристерге қызмет көрсету, iшкi туризмнiң барлық түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде 1. Арнайы бiлiмi мен туристiк ұйымдарда еңбек стажы 2 жылдан кем емес қызметкерлерi болса. 2. Туристiк қызмет көрсетуде әзiрленген туристiк маршруттары мен бағдарламалары болса. 3. Туристiк жолдамада ұсынылатын қызметтер тiзбесi болса. 4. Туристердi қабылдау үшiн қажеттi жеке меншiк немесе жалға алынған материалды-техникалық базасы: туристерге қызмет көрсетуге және шетелге жiберуге қажеттi көлiгi; туристiк объектiлерi (қонақ үйлер, кемпингтер, аңшы, балықшы үйлерi); туристiк керек-жарақтары; туристiк ұйымның кеңсесi үшiн үй-жайы болса. 5. Шетелдiк туристiк ұйымдармен және Қазақстандағы туристiк объектiлермен шарттары болса.
6. Туристердi медициналық сақтандыру және олардың мүлкiн сақтандыру
туралы сақтандыру фирмаларымен (компанияларымен) шарттар болса. 7. Туристiк сапарлар мен жорықтарды ұйымдастыру кезiнде денсаулықты сақтау және қауiпсiздiк техникасы қамтамасыз етiлсе. III. Iшкi туризмнiң барлық түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде 1. Арнайы бiлiмi мен туристiк ұйымдарда еңбек стажы 2 жылдан кем емес қызметкерлерi болса. 2. Туристiк қызмет көрсетуде әзiрленген туристiк маршруттары мен бағдарламалары болса. 3. Туристiк жолдамада ұсынылатын қызметтер тiзбесi болса; 4. Туристердi қабылдау үшiн қажеттi жеке меншiк немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы: туристерге қызмет көрсетуге қажеттi көлiгi; туристiк ұйымның кеңсесi үшiн үй-жайы; туристiк объектiлерi (қонақ үйлер, кемпингтер, аңшы, балықшы үйлерi); туристiк керек-жарақтары болса. 5. Туристiк сапарлар мен жорықтарды ұйымдастыру кезiнде денсаулықты сақтау және қауiпсiздiк техникасы қамтамасыз етiлсе. IV. Гид-аудармашының, нұсқаушының, әдiскердiң және туристiк топтарды алып жүрушiнiң қызметiн жүзеге асыру жөнiнде Тиiстi оқу орнын немесе арнайы курстарды бiтiргенi жөнiнде куәлiгi болса.