Қазақстан Республикасының Үкiметi өткен жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде елдi электрмен және жылумен жабдықтау мейлiнше тұрақты болмағандығын және оның ұзақ шектеулермен және тұтынушылар одан ұдайы өшiрiп-айырып тасталып отырылғандығын атап көрсетедi.
Қыс қарсаңында көзделген шараларды уақытынан кешiктiрiп және iшiнара орындаудың салдарынан белгiленген энергетикалық қуаттарды, әсiресе Екiбастұз I-ГРЭС-i мен Ермак ГРЭС-iнде, едәуiр кем пайдалану орын алды. Республиканың қажетi одан тысқары жерлердегi қымбат тұратын электр энергиясын алу есебiнен өтелдi.
Электр энергетикасы объектiлерi мен энергия тұтынушыларды 1996/97 жылдың алдағы күзгi-қысқы кезеңiнде тұрақты жұмыс iстеуге уақтылы әрi сапалы дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң 1996/97 жылдың күзгi-қысқы жағдайында энергия көздерi мен желiлерiн жұмысқа даярлау жөнiндегi шараларды әзiрлегенi және жүзеге асырып жатқаны назарға алынсын.
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1996/97 жылдың жүктемесi мейлiнше жоғары болатын күзгi-қысқы кезеңiнде блокты электр стансаларының энергия блоктарын жөндеу және кернеуi 500 және 1150 кв негiзгi электр желiлерiн күрделi жөндеу жөнiндегi тапсырмаларды бекiтетiн болсын.
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге да орталық атқарушы органдар, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi энергиямен тұрақты және iркiлiссiз жабдықтау, электр энергияларын тиiмдi пайдалану және оларда 1996/97 жылдың күзгi-қысқы жағдайындағы жұмысқа уақтылы даярлау мақсатында:
олардың даярлық паспорттарын беру арқылы үстiмiздегi жылғы 15 қарашаға дейiн өнеркәсiптiк және өнеркәсiптiк емес объектiлердi, коммуналдық және ауыл шаруашылығы жылыту қазандықтарын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындау жөнiндегi ұйымдық-техникалық шараларды әзiрлесiн және бекiтсiн;
қыс қарсаңындағы жұмыстарды уақтылы қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және белгiленген мерзiмде сапалы орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырсын;
1996/97 жылғы күзгi-қысқы кезеңде өнеркәсiп кәсiпорындарының энергияны көп жұмсайтын жабдықтарын жоспарлы жөндеуден өткiзудi энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың келiсiмi бойынша қарастырсын;
тұтынушылардың электр және жылу энергиясын пайдаланғаны үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берешектерiн 1996 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн өтеуiне шаралар қолдансын және оны бақылауға алсын. Тұтынушылар берешектерiн белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда "Энергия берудi шектеу мен тұтынушыларды энергиямен жабдықтау көздерiнен қиып тастауды ретке келтiру туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1743
қаулысында (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮАЖ-ы, 1995., N 38, 494-бап) белгiленгендей оларға энергия босатуды тоқтатсын;
бiр апта мерзiм iшiнде әрбiр энергия көзi, кәсiпорын бойынша отын қорын жинақтаудың айлық кестелерiн жасасын және бекiтсiн және олардың орындалуына бақылау ұйымдастырсын.
3. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және екiншi деңгейдегi банктермен бiрлесiп энергия кәсiпорындарына отын сатып алу және қыс қарсаңындағы жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн кредиттiк ресурстар бөлу мәселесiн пысықтайтын болсын.
4. 1996/97 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде "Республиканың электр-энергетика және энергия тұтыну объектiлерiн 1995/96 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде тұрақты жұмыс iстеуге әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 маусымдағы N 783 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 20, 229-бап) сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң жанындағы қысқы кезеңде электр қуаты мен энергияларды тұтынуды жедел басқару жөнiндегi республикалық штабтың өкiлеттiгi 1996/97 жылғы күзгi-қысқы кезеңге ұзартылсын.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi:
жылыту маусымы басталғанға дейiн энергия көздерiнде отынның нормативтiк қорларын құру және тұтынушыларды тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi көлемдегi отынды әкелу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырсын;
энергетикалық қуаттардың, электр беру және жылу желiлерiнiң жоспарланған көлемiн пайдалануға қосуды қамтамасыз етсiн;
электр стансаларының жұмыс қуатын арттыруды, жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындауды ынталандыру мақсатында кәсiпорындардың қарауында қалған кiрiстердiң есебiнен энергияларды өндiру және беру, энергетикалық жабдықтарды жөндеу және қалыпқа келтiру жөнiндегi кәсiпорындардың, Қазақстан энергия жүйелерiнiң бiрлескен диспетчерлiк басқармасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк энергия қадағалаудың өнеркәсiптiк-өндiрiстiк қызметкерлерiне 1996 жылдың IV тоқсанында және 1997 жылдың 1 тоқсанында жұмыс қуаты жөнiндегi тапсырмаларды орындағаны үшiн қосымша сыйлық ақы берудi енгiзсiн;
энергия көздерiнде отын жеткiлiксiз болған жағдайларда қолданылатын тұтынушыларды электр қуаты мен энергиялар бойынша шектеудiң және одан қиып тастаудың кестелерiн жасасын. Аталмыш кестелер облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiмен келiсiлсiн және олар тұтынушыларға хабарландырылсын.
6. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
энергия кәсiпорындарына 1996/97 жылдың күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмысқа әзiрлену үшiн энергия көздерiнiң, желiлердiң, үйлердiң, коммуникациялар мен ғимараттардың жабдықтарын жөндеуден өткiзуге, олардың электр жабдықтары мен тетiктерiнiң қосалқы бөлшектерiн дайындау жөнiндегi аймақтық өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен шарттар жасауына барынша көмек көрсетсiн;
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi кәсiпорындарының жөндеу және қысқа дайындық жөнiндегi жұмыстарын айналысушы қызметкерлерi мен автокөлiктерiн ауылшаруашылық және басқа науқандық жұмыстарға тартпайтын болсын;
жылыту маусымы басталғанға дейiн коммуналдық және ауыл шаруашылығы жылыту қазандықтарын жөндеудi және аталмыш қазандықтар мен тұрғындар үшiн отынның нормативтiк мөлшерiн дайындауды қамтамасыз етсiн;
бюджеттiк ұйымдарды олардың алынатын отын энергетикалық ресурстарға уақытында ақы төлеуi жөнiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң, электр энергияларын өндiру, беру және тұтыну жөнiндегi кәсiпорындардың басшыларымен бiрлесiп, иесiз электр тарату желiлерi мен қосалқы электр стансаларын одан әрi пайдалануды болдырмау мақсатында кернеуi 0,4-10 кВ электр тораптарын объектiлерiнiң баланстық тиесiлiлiгiн анықтауды ұйымдастырсын және екi ай мерзiм iшiнде қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi энергетикалық кәсiпорындардың тапсырысы бойынша ведомстволық бағыныстағы зауыттарда энергетикалық жабдықтар үшiн қосалқы бөлшектер шығаруды ұйымдастырсын.
8. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен және басқа да мүдделi министрлiктермен бiрлесiп 1996/97 жылғы күзгi-қысқы кезеңде Қапшағай ГЭС-i мен Ертiс ГЭС-i каскадының жұмысын экономиканың барлық салалары мен экологиялық қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн оларды пайдалану ережелерiне сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
1996/97 жылдың күзгi-қысқы кезеңiне қарай Үлкен Алматы көлiндегi су ресурстарының 2507 метрлiк қалыпты деңгейдегi
белгiге дейiн жинақталуын қамтамасыз етсiн.
9. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Семей және
Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi 1996 жылғы 1 қазанға дейiн Ертiс, Iле және Сырдария өзендерi су басуы ықтимал аймақтарынан жем-шөп қорының әкетiлуiн қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi үстiмiздегi жылғы 1 тамыздан бастап ай сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Экономика министрлiгiне осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары