Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 11 шiлде N 893

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңында /Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 345-бап/ және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 U952247_ Заң күшi бар Жарлығында /Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 45-бап/ көзделген республика мүгедектерiн арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудi жақсарту, сондай-ақ жеңiлдiктер беру құрылымы мен тәртiбiн оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру

құралдарымен қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi негiзгi шаралардың
жоспары бекiтiлсiн.
     2. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi жеңiлдiктердi iске
асыру және медициналық айғақтамалары бойынша мұқтаж мүгедектердi
арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ осы
мақсатқа арналған қаражаттың жұмсалуын бақылау жөнiнде қосымша
шаралар қабылдасын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 11 шiлдедегi
                                           N 893 қаулысымен
                                              бекiтiлген

           Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен
      қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi шаралардың жоспары
_____________________________________________________________________
 N                                           Орындалу   Орындалуға
р/с               Шаралардың атауы            мерзiмi   жауаптылар
_____________________________________________________________________
 1                       2                       3            4
_____________________________________________________________________

 1. "Қазақстан Республикасында мүгедектер.     ұдайы   Облыстар мен
дiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан              Алматы қаласы.
Республикасының Заңында "Ұлы Отан соғысының            ның әкiмдерi,
қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға            министрлiктер
теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiк.            мен
тер және оларды әлеуметтiк қорғау туралы"              ведомстволар
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң
күшi бар Жарлығында белгiленген жеңiлдiктер
мен кепiлдiктердiң мүгедектерге арнаулы
жүрiп-тұру құралдарын беру бөлiгiнде сақта.
луын қамтамасыз ету

 2. Медициналық айғақтамалары бойынша         1996 жыл Облыстар мен
арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз    бойына   Алматы қаласы.
етуге мұқтаж мүгедектердi есепке алудың                ның әкiмдерi
жай-күйiне талдау жасау және қолданыстағы
заңдарға сәйкес оларға берiлетiн жеңiлдiк.
тердi жүзеге асыру жөнiнде қосымша шаралар
қолдану

 3. Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құрал.  1996 жылғы  Әлеуметминi,
дарымен қамтамасыз ету туралы Ережеге        қыркүйек   Әдiлетминi,
өзгертулер мен толықтырулар енгiзу және оны             Қаржыминi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жыл.
ғы 29 сәуiрдегi N 527 қаулысымен бекiтiлген
тәртiптi Азаматтардың жекелеген санаттарына
жеңiлдiк беру тәртiбiмен сәйкес келтiру
жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу және енгiзу

 4. Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құрал.    ұдайы    Облыстар мен
дарымен қамтамасыз ету мәселелерiн шешу үшiн           Алматы қаласы.
лотореялар ұйымдастыру, заңды және жеке                ның әкiмдерi,
тұлғалардың демеушiлiк және қайырымдылық               Әлеуметминi,
қаражат бөлу жөнiндегi мүмкiндiктерiн                  Қаржыминi
пайдалану

 5. Республикада арнаулы автокөлiк пен     1996-1997   Көлiккомминi,
орындық бесiк-арба құрастыру және шығару   жылдары      Әлеуметминi,
үшiн өндiрiстiк қуаттар құру, мүгедектер               Меммүлiккомы
техникасын өндiрушiлерге осы мақсаттар үшiн
орын мен жекешелендiрiлетiн объектiлердi
таңдауда басым құқық берудi қолдану

 6. Мүгедектердiң арнаулы автокөлiгiне     1996 жыл    Көлiккомминi,
сервистiк және техникалық қызмет көрсе.    бойына      Әлеуметминi
тудi, оны босалқы бөлшектермен қамтама.
сыз етудi, пайдаланылу мерзiмi бiткен,
бiрақ одан әрi пайдалануға жарамды
автотехниканы кейiннен қайта бөлу үшiн
жөндеудi ұйымдастыруды қарастыру

 7. Жеткiзiлетiн мүгедектер техникасының   ұдайы       Әлеуметминi
сапасын, мүгедектер үшiн арнаулы автокө.
лiктiң сервистiк және сату алдындағы
дайындалуын қамтамасыз ету

 8. Жеткiзушiлердi конкурстық негiзде     ұдайы       Облыстар мен
анықтау, мүгедектер техникасын сатып алуға            Алматы қаласы.
жұмсалатын шығынды азайту үшiн басқа да                ның әкiмдерi,
мүмкiндiктердi пайдалану                               Қаржыминi,
                                                       Әлеуметминi

 9. Азаматтарды арнаулы автокөлiктi         ұдайы      Iшкiiсминi
жүргiзу құқығына оқытуға және аттестат.
тауға қойылатын талаптарды күшейту, 
тиiсiнше сақталуына бақылауды, жолкөлiк 
оқиғаларының алдын алуды қамтамасыз ету