Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 141 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн: аталған қаулының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы рет нөмiрi 11-жолмен толықтырылсын: "11. Германия Ақтөбе облысындағы Жаңажол кен орнында қуаттылығы 150 мың кВт газ турбиналары электр станциясының құрылысы ("Батыс Қазақстанның тұтынушыларын электрмен жабдықтауды тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 мамырдағы N 538 қаулысы); 80,7 "Актюбинск- млн.$ энерго" АҚ; "жиыны" деген жолдағы 294 млн.$ деген сан 374,7млн.$ деген сөзiмен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi