Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 маусым N 836

Қолданыстағы

     "Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланудағы автомобиль
жолдарын басқару туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы
27 қарашадағы N 1598  

P951598_

  қаулысын (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы,1995ж, N 36, 465-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген
қоса берiлiп отырған өзгертулер бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
        Премьер-Министрiнiң
          орынбасары                  Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 28 маусымдағы
                                         N 836 қаулысымен
                                           бекiтiлген 

             Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
                             енгiзiлетiн өзгертулер



      1. "Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қарашадағы N 1184 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, N 46, 553-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк холдинг компаниясымен" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялары президенттерiнiң еңбек ақысы, әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз етiлуi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 желтоқсандағы N 1251 қаулысымен бекiтiлген Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялары президенттерiнiң еңбек ақысы, әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз етiлуi жөнiндегi Ережеге қосымшадағы "Қазақстан жолдары, Алматы қ." деген сөздер алынып тасталсын.
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.22. N 1641
               қаулысымен. P971641_

      4. "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 қаулысы 36-тармағының бiрiншi абзацындағы "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы" деген сөздер алынып тасталсын.