Қазақстан Республикасының Елабуга қаласындағы автомобиль зауытының қуаттары кешенiн бiрлесiп құру туралы үкiметаралық Келiсiмнiң жүзеге асырылуына қатысуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 маусым N 814

Қолданыстағы
      1995 жылғы 26 мамырда Минскiде қол қойылған Елабуга қаласындағы автомобиль зауытының қуаттары кешенiн бiрлесiп құру туралы үкiметаралық Келiсiмдi жүзеге асыру туралы шешiмдi орындау мақсатында және республиканың аталған жобаға қатысуының экономикалық орындылығына зор мән бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық консорциумның жарғылық қорына Қазақстан Республикасынан кемiнде 8 (сегiз) млн. АҚШ долларына баламалы сомадағы мүлiктiк жарнамен мемлекеттiк үлес енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде акционерлiк қоғамдардың кемiнде 8 (сегiз) млн. АҚШ долларына баламалы сомадағы акцияларының мемлекеттiк пакетiн мүлiктiк жарна ретiнде белгiленген тәртiппен, қосымшаға сәйкес "ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық консорциумының жарғылық қорына берсiн.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Станок жасау зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн санация жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiсiнен алынған несие ресурстарын қайтарғаннан кейiн, белгiленген тәртiпке сәйкес қайтарып алатын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Елабуга" жеңiл автомобиль зауыты" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң Минскiде 1993 жылғы 28 сәуiрде қол қойылған Елабуга қаласындағы автомобиль зауытының қуаттары кешенiн бiрлесiп құру туралы үкiметаралық Келiсiмнiң 4-бабымен белгiленген шарт бойынша Қазақстан Республикасына табыс етiлетiн мүлкiн Қазақстан Республикасының меншiгiне ресiмдейтiн болсын.
      4. "Арғымақ" автомобиль корпорациясы" акционерлiк қоғамы "ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық консорциумындағы өндiрiстiк мәселелердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен жергiлiктi атқарушы органдар "Арғымақ" автомобиль корпорациясы" акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында Елабуга автомобиль зауытының жеңiл автомобильдерiне арналған жинақтаушы бұйымдардың өндiрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi мәселелердi шешуде көмектесетiн болсын.
      6. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына қосымшаға (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж,

N 194) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiсiне
берiлетiн төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен
"Станок жасау зауыты" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы алынып
тасталсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
        орынбасары
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 28 маусымдағы
                                          N 814 қаулысына
                                             қосымша

            "ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық консорциумының
             жарғылық қорына акцияларының мемлекеттiк
             пакетi табыс етiлетiн акционерлiк қоғамдарының
                             Тiзбесi

     "Станок жасау зауыты" акционерлiк қоғамы       - 90%
     
<*>

     "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты"
     акционерлiк қоғамы                             - 10%
     
<*>

     

         Ескерту: Акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң доллармен
                  есептелген ақша түрiндегi көлемi аудиторлық
                  бағалаудан кейiн айқындалады.
         ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.11.
                  N 1254 қаулысымен.  

P961254_

 
         ЕСКЕРТУ. Қосымшадан сөз алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.10.09.
                  N 1245 қаулысымен.  

P961245_

 
         ЕСКЕРТУ. Қосымшадан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
                  1997.02.25. N 262 қаулысымен.  

P970262_