Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 299 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 28 маусымдағы N 810

Қолданыстағы
      Сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыру, экспортты ынталандыру, отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Қырғызстан Республикасының арасындағы Кедендiк одақтық шеңберiнде сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң заң және нормативтiк базасын бiрегейлендiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Әкетiлетiн тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 299 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 11, 84-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      бидайдың басқа түрлерiн қоспағанда (СЭҚ ТН коды 1001 90) сыртқа шығарылатын тауарларға экспорттық кеден бажы салынбасын.
      2. Осы қаулы 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi