1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен: Қарағанды облысының "Карбид" АҚ-ы алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнен Қарағанды облысының "Карбид" АҚ мемлекеттiк акциялар пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқын қайтып алсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi