1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң "Анкара" бесжұлдызды қонақ үйi кешенiнiң құрылысын аяқтау үшiн "Айт-Отель" акционерлiк қоғамына 12,1 млн (он екi миллион бiр жүз мың) АҚШ доллары мөлшерiнде қосымша кредиттiк қаражат бөлу туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен түпкiлiктi займшының тәуекелдiк және мүлiктiк жауапкершiлiк мiндеттемесiн көздейтiн тиiстi келiсiм жасассын.
3. "Айт-Отель" акционерлiк қоғамы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне жобаның негiздемесiн, контракт, сондай-ақ қосымша сұралатын кредитке тиiстi кепiлдiктi, аманатты қамтамасыз ететiн және басқа қажеттi құжаттарды ұсынсын;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен қосымша кредиттiк келiсiм жасассын;
өз қаражаты есебiнен берiлген кредит сомасының аванстық өлшемдерiн, ол бойынша проценттердi төлеудi, сондай-ақ банк шығыстарын төлеудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
контрактiнiң, кепiлдiк және аманаттық базалардың техникалық-экономикалық негiздемесiне, сондай-ақ жобаның жүзеге асырылу кезеңiнде төлемдердi iске асыратын көздерге банктiк сараптама жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн қамтамасыз ету жөнiнде келiсiм жасассын және тиiстi қарсы кепiлдiк берсiн.
Түркия Республикасының Эксимбанкiмен 2,7 млн. (екi миллион жетi жүз мың) АҚШ доллары мөлшерiнде игерiлген аккредитивтер бойынша пайдаланылмаған кредиттi ескере отырып бұрын келiсiлген кредит қаражат мөлшерiн бөлудегi өзгерiстердi пысықтасын және кредиттiң қосымша бөлiгiне банктiк кредиттiк келiсiм жасассын;
кредиттi және ол бойынша проценттердi дер кезiнде қайтаруды
қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. 5. "Түркия Республикасының Үкiметi беретiн кредит есебiнен қаржыландырылатын жобалар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 тамыздағы N 866 қаулысына 1-қосымшаға (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 33, 365-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн: "Қазақстан Сауда" МСК" Алматы қаласында 600 42,9 "Юксель ин. деген жол орындық қонақ үй шаат" фирмасы құрылысы мынадай редакцияда жазылсын: "Айт-Отель" АО" Алматы қаласында 55,0 "Ах-Сель" "Анкара" қонақ үйi фирмасы кешенiн салу "Қарабұлақ қант зауыты" сантехникалық бұйым. 3,4 "Алтайлар" дар өндiретiн жабдық. фирмасы тар сатып алу деген жолдар алынып тасталсын; "Республикалық балаларды Алматы қаласында 22,5 "Финтрако" оңалту орталығы" орталық салу фирмасы деген жолдардағы "22,5" деген сан "16,86" деген санмен ауыстырылсын. "БАРЛЫҒЫ" деген жолдағы "134,5" деген сан "133,86" деген санмен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi