Ипотекалық кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жер учаскелерi және жер пайдалану құқығы кепiлiнiң тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 маусымдағы N 711

Қолданыстағы
      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Z010152_ Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 U952723_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1995 ж., N 24, 165-бап) Заң күші бар Жарлығына және "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 P960056_ қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-бап) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: <*>
      Қоса берiлiп отырған Ипотекалық кредиттердi қамтамасыз ету үшiн

жер учаскелерiнiң және жер пайдалану құқығы кепiлiнiң Тәртiбi,
сондай-ақ Ипотекалық кредиттiк қамтамасыз ету үшiн жер учаскесiнiң
немесе жер пайдалану құқығының кепiлi туралы Шарттың нысандары
кепiл ретiнде берiлген жер учаскесiне немесе жер пайдалану құқығына
Ипотекалық куәлiгi бекiтiлсiн.
     ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.29. N 1125 
              қаулысымен.  

P011125_

  
     
     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 6 маусымдағы
                                        N 711 қаулысымен
                                          Бекiтiлген

         Ипотекалық кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жер
         учаскелерi және жер пайдалану құқығы кепiлiнiң
                           Тәртiбi



      1. Осы Тәртiп ипотекалық кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жер учаскелерi мен жер пайдалану құқығының кепiлiн белгiлейдi.
      2. Кепіл берушіге жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесі кепіл болуы мүмкін; <*>
      Сервитут қиындығы түскен жер учаскесiне меншiк құқығы немесе пайдалану құқығы кепiл алушыға көшуi кезiнде сервитут белгiленген қамтамасыз ету құқығымен бiрге оған ауысады.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.29. N 1125
               қаулысымен. P011125_
      3. Жалпы пайдаланудағы:
      қорғаныс мұқтажына берiлген;
      ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының;
      қызметтiк жер үлесiнiң жерлерiне қатысты жер учаскелерiнiң немесе жер пайдалану құқығының кепiлiне жол берiлмейдi.
      Жер учаскелерiнде кепiлсiз орналасқан үйлер мен ғимараттардың жер учаскелерi немесе жер пайдалану құқығының, сондай-ақ жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы бөлiгiнiң, егер бұл бөлiгi дербес учаске ретiнде нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланылмаса, жер учаскесiнiң сол бөлiгiнiң кепiлiне рұқсат етiлмейдi.
      4. Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығы бар жеке адамдар мен мемлекеттiк емес заңды ұйымдар;
      жер учаскелерiнде жер пайдалану құқығы бар жеке адамдар мен мемлекеттiк емес заңды ұйымдар кепiл берушi бола алады.
      Мемлекеттiк жер пайдаланушылар өздерiнiң тұрақты жер пайдаланудағы құқығын, осы жер учаскесiнде орналасқан үйдi немесе ғимаратты және осы үйдiң немесе ғимараттың, оған қызмет көрсетуге арналған бiр бөлiгiн кепiлге айналдырған жағдайда, кепiлге беруге құқылы.
      5. Жеке адамдар мен заңды ұйымдар кепiл алушы бола алады.
      6. Жалпы бiрлескен меншiктегi немесе жалпы бiрлескен жер пайдаланудағы бөлiнбейтiн жер учаскесiнiң кепiлiне жалпы меншiктiң немесе жалпы жер пайдаланушылардың барлық қатысушыларының жазбаша келiсiмi болғанда рұқсат етiледi.
      7. Жер учаскесiне жалпы үлестiк меншiктiң немесе жалпы үлестiк жер пайдаланудың қатысушысы "жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2733 Жарлығының 5-бабының 2 тармағына сәйкес өз үлесiн кепiлге қоюға құқылы.
      8. Шартты жер үлесi кепiлдiң дербес көзi бола алмайды.
      9. Шартты жер және мүлiктiк үлестердi бiрiктiру нәтижесiнде құрылған ауыл шаруашылығы ұйымдары шартты жер үлестерi иелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде жер пайдалану құқығына кепiлге қоя алады.
      10. Жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының кепiлi үшiн жеке адамдар мен заңды ұйымдар әлеуеттi кепiл алушыға:
      жер учаскесiне оның құқығын куәландыратын құжаттарды (жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн акттi; жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шартты; сатып алу-сату, сыйға тарту, заңды көзделген өзге де негiздердi);
      жалпы бiрлескен меншiк немесе жалпы бiрлескен жер пайдалану қатысушыларының жазбаша келiсiмiн;
      жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының бағалау құнының актiн;
      жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктiң бағалау құнының актiн;
      жер учаскесiнiң жоспарын (схемасын);
      шарт жасау сәтiндегi кепiл берушiге ипотека көзiне үшiншi жақтың барлық құқығының тiзбесiн (кепiл, пайдалану, жалдау, сервитуттар құқығы, жер учаскесiне немесе жер пайдалану құқығына түскен басқа да қиындықтар);
      жер учаскесi бойынша сенiмдi мәлiметтердi анықтауға қажеттi басқа да материалдарды ұсынады.
      Жер учаскесiнiң бөлiгiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге беру кезiнде онда жалпы алғанда кепiлге беру көзделген жер учаскесiнiң бөлiгi көрiнiс табуы керек.
      11. Жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының бағалау құнының актiсiн, сондай-ақ жер учаскесiнiң жоспарын жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органдары, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктiң бағалау құнының актiсiн - техникалық түгендеу, сәулет және қала құрылысы органдары, ал жер учаскесiне немесе жер пайдалану құқығына түскен қиындықтардың болуы (болмауы) туралы мәлiметтердi - жылжымайтын мүлiкке құқықты және олармен мәмiленi тiркеу органдары белгiленген тәртiппен бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.29. N 1125
               қаулысымен. P011125_
      12. Негiзгi мiндеттемелерге көзделiп отырған сомаларды қамтамасыз ету үшiн жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны жөнiнде екi жақты келiсiмге қол жеткен жағдайда, кепiл берушi мен кепiл алушы арасында жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының кепiлi жөнiнде екi дана шарт толтырылады.
      Ипотекалық кредиттi қамтамасыз ету үшiн жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының кепiлi жөнiндегi Шартқа осы учаске шекарасы сызбасының көшiрмесi тiгiлуi қажет.
      Ипотекалық кредиттi қамтамасыз ету үшiн жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының кепiлi туралы шарттың нысаны "Ипотекалық кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жер учаскелерi және жер пайдалану құқығы кепiлiнiң Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 711 қаулысымен бекiтiлген.
      13. Ипотека туралы шартта жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кредиторға немесе үшiншi жаққа беру, оның мақсатына, сәйкес ипотека шарты бойынша кепiлге қойылған жеке меншiктегi немесе жер пайдаланудағы жер учаскелерiн пайдалану жөнiндегi кепiл берушiнiң және (немесе) үшiншi жақтың құқығын шектеу, сондай-ақ осы учаскеден жемiс пайда табу мәселесi көзделмейдi.
      14. Кепiл берушi кепiл алушының талабы бойынша оның ипотекалық куәлiк беру құқығын бекiте алады, бұл орайда кепiл туралы шарттың барлық данасына оны беру жөнiнде тиiстi жазу жазылады.
      Ипотекалық куәлiк бiр дана етiп толтырылып, кепiл алушыға берiледi.
      Кепiл ретiнде берiлген жер учаскесiне немесе жер пайдалану құқығына ипотекалық куәлiк нысаны осы Тәртiптiң 12-тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген.
      15. Жер учаскесiне құқықты немесе жер пайдалануға құқықты

куәландыратын құжаттар, кепiл туралы шартта басқаша белгiленбесе,
кепiл алушыға немесе сенiмдi адамға берiледi.
     16. Ипотека құқығы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша
жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалған мәмiленi тiркейтiн
органдарда кепiл туралы шартты және ипотекалық куәлiктi мемлекеттiк
тiркеуден өткiзген сәттен бастап туындайды.
     17. Борышқор негiзгi мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiл
алушы өз талабын "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заң
күшi бар Жарлығының 20-бабына сәйкес қанағаттандыруға құқылы.

                                                Нысан
     
                                 Қазақстан Республикасы
                                      Үкiметiнiң
                                 1996 жылғы 6 маусымдағы
                                    N 771 қаулысымен
                                       Бекiтiлген  

Q960711_

 

         Ипотекалық кредиттi қамтамасыз ету үшiн жер
         учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының
                       кепiлi туралы
                           Шарт
     
199__ж. " "_________________                    N_______________
___________________облысы,_______________қаласы (поселкесi, селосы)
Бiз, төменде қол қоюшылар _________________________________________
                            (Ф.А.Т. немесе заңды ұйымның атауы)
___________________________________________________________________
     бұдан әрi "Кепiл берушi" деп аталады, бiр жағынан және
___________________________________________________________________
       (Ф.А.Т. немесе заңды ұйымның атауы)
екiншi жақтан, бұдан әрi "Кепiл алушы" деп аталады,
мына төмендегiлер жөнiнде Шарт жасасты:
                        1. Шарт заты
     1.1. Кепiл берушi Кепiл алушыға _____________________________
                                         (кепiл заты)
өзiне тиесiлi _____________________________________________________
                  (құжаттың атауы және оның тiркелген күнi және N)
___________________________________________________________________
орналасқан ________________________________________________________
            (жер учаскесiнiң сипаттамасы және оның орналасқан жерi)
___________________________________________________________________
негiзiнде _________________________________________________________
___________________________________________________________________
жалпы алаңы ______________ гектар, оның iшiнде: ___________________
гектар ауыл шаруашылығы жерлерiн (айдалған жерлер ______________га,
көпжылдық көшеттер________га, пiшендiктер_______га,
жайылымдар________га,) құрылыс салуға_______________га, ___________
___________________________________________________________________
   (жер учаскесiне орналасқан құрылыстардың, ғимараттардың тiзбесi)
жердi осы Шартқа қоса тiркелетiн жер учаскесiнiң жоспары шегiнде
бередi.
     1.2. Кепiл затының бағалық құны______________________________,
                                         (кепiл сомасы)
___________________________________________________________________
оның iшiнде жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының
құны ______________________________________________________________
     1.3. Кепiл берушiнiң _________________________________________
                             (кепiлмен қамтамасыз етiлген талап
___________________________________________________________________
                      ету сомасы)
сомадағы ипотекалық несиенi төлеу туралы мiндеттемесi шарт затымен
қамтамасыз етiледi.
     1.4. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу
мерзiмi 199__ж, " "__________________ бiтедi.
     негiзгi мiндеттеменi бөлiп-бөлiп орындаған жағдайда мерзiмдердi
немесе тиiстi төлемдердiң кезеңдiлiгiн көрсету қажет.
     1.5. Негiзгi мiндеттеме проценттерi ___________________________
____________________________құрайды.

           2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

     2.1.Кепiл берушi:
     кепiл туралы шарттың мемлекеттiк тiркеуiн өз есебiнен
қамтамасыз етуге;
     Кепiл алушының келiсiмiнсiз кепiл затын өзге тәсiлдермен
сатпауға және иеленбеуге;
     кепiл затын кейiнгi кепiлдермен қиындатпауға;
     кепiл затын сақтауға қажеттi шараларды қабылдауға;
     кепiл затын қалпына келтiруге немесе оны Кепiл ұстаушының
келiсiмiмен құнына тең басқа затпен ауыстыруға;
     үшiншi тұлғаның кепiл затына құқықтары туралы Кепiл алушыға
хабарлауға мiндеттi.
     2.2. Кепiл берушi:


      негiзгi мiндеттеменi орындауға әсерiн тигiзбейтiн болса, онда кепiл затын үшiншi тұлғаның иеленуi мен пайдалануына беруге;
      кепiл затымен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындауға;
      кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау арқылы кепiл затын сатуға дейiнгi кез-келген уақыт iшiнде кепiл затын сот шешiмiмен төлеттiрiп алуды тоқтатуға құқылы.
      2.3. Кепiл алушы:
      осы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мөлшерiнен асатын кепiл затын сатудан түскен соманың айырмасын Кепiл алушыға қайтаруға мiндеттi.
      2.4. Кепiл алушы:
      егер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау

мерзiмдерi басталған кезге дейiн ол орындалмаған болса, онда кепiл
затын өндiрiп алуға;
     заңдарда көзделген жағдайларда кепiл затын мерзiмiнен бұрын
төлеттiрiп алуға;
     кепiлмен қамтамасыз етiлген барлық мiндеттемелердi Кепiл берушi
толық орындағанға дейiн бастапқы көлемде кепiлдi сақтауға;
     кепiл затын белгiленген заң тәртiбiмен сатуға;
     кепiл затының нақты жағдайын тексеруге;
     Кепiл берушiден кепiл затын сақтауға қажеттi шараларды
қабылдауын талап етуге құқылы.

                 3. Қосымша ережелер
     3.1. Сенiм бiлдiрген тұлға ___________________________________
                                      (Ф.А.Т. немесе заңды
___________________________________________________________________
                       ұйымның атауы)
болып белгiленген.
     3.2. Осы шартпен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан
Республикасының азаматтық заң нормалары қолданылады.
     3.3. Қосымшалар: _____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     3.4. Ипотекалық куәлiктi беру туралы белгi ___________________
___________________________________________________________________
            (куәлiк деректемелерi)
___________________________________________________________________
     Шарт екi дана етiп жасалған, оның бiр данасы Кепiл алушыға,
екiншi данасы Кепiл берушiге берiлген.
     Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелерi:
        Кепiл алушы:                    Кепiл берушi (заттай
                                         тапсырушы)
___________________________           _____________________________
     (Ф.А.Т)                                    (Ф.А.Т.)
___________________________           _____________________________
     (немесе толық атауы)                   (немесе толық атауы)
Мекен-жайы:________________           _____________________________
___________________________           _____________________________
___________________________           _____________________________
Есеп айырысу шоты _________           _____________________________
___________________________           _____________________________
 Жетекшi немесе басқа                 Жетекшi немесе басқа
уәкiлеттi тұлға____________           уәкiлеттi тұлға _____________
                 (қолы)                                  (қолы)
     М.О.                                    М.О.
                                      Борышкер_____________________
                                      _____________________________
                                                 (Ф.А.Т.)
                                      _____________________________
                                           (немесе толық атауы)
                                      Мекен-жайы___________________
                                      _____________________________
                                      _____________________________
                                                (қолы)
                                          М.О.

             Тiркеу туралы белгi:

                                                Нысан
     
                                 Қазақстан Республикасы
                                      Үкiметiнiң
                                 1996 жылғы 6 маусымдағы
                                    N 771 қаулысымен
                                      Бекiтiлген

          Кепiл ретiнде берiлген жер учаскесiнiң немесе
                   жер пайдалану құқығының
                     Ипотекалық куәлiгi
199__ж __________________                     N __________________
________________облысы, __________________қаласы__________________
(поселкесi, селосы)
     1. Кепiл берушi (заттай тапсырушы)___________________________
__________________________________________________________________
     (Ф.А.Т. немесе заңды ұйымның толық атауы, мекен-жайы)
     2. Борышкер___________________________________________________
                      (Ф.А.Т. немесе заңды ұйымның толық
___________________________________________________________________
                     атауы, мекен-жайы)
     3. Кепiл алушы _______________________________________________
                        (Ф.А.Т. немесе заңды ұйымның толық
___________________________________________________________________
                     атауы, мекен-жайы)
     4. Жер учаскесiнiң сипаттамасы және тұрған жерi ______________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     5. Ипотека заты болып табылатын жер учаскесiне Кепiл берушiнiң
құқығын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi берiлген күнi _______
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     6. Негiзгi мiндеттеменiң сомасы ______________________________
__________________________________________________________құрайды.
     7. Төленетiн проценттер мөлшерi _____________________________
__________________________________________________________құрайды.
     8. Негiзгi мiндеттеменiң сомасын төлеу мерзiмi 199__ж.
" "_______________________жүзеге асырылады.
     Тиiстi төлемдер кезеңдерi ____________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     9. Төленетiн проценттер мерзiмi 199__ж. " " __________________
жүзеге асырылады.
     Тиiстi проценттердi төлеу кезеңдерi __________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     10. Мiндеттеменiң тиiстi бөлiктерiнiң орындалуы туралы
белгiлер___________________________________________________________
___________________________________________________________________
     11. Кепiл затына арналған басқа да ипотекалық куәлiктердiң
белгiлерi мен деректемелерi _______________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     12. Қиындықтар________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     13. Ипотекалық куәлiктiң берiлген күнi 199__ж. " "____________
Кепiл берушi _________________________________
                (Ф.А.Т.
__________________________________
          немесе атауы)
__________________________________
         (қолы)

     М.О.

               Тiркеу туралы белгi:
               Ипотекалық куәлiктi беру туралы белгi: