ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
P010800_
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң Тәртiбi бекiтiлсiн.
2. 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жер учаскелерiнiң орынын айқындау (бiрдейлендiру) үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, әкiмшiлiк аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың кодтарының тiзбесi бекiтiлсiн.
3. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi аэросуретке түсiру, топографиялық, картографиялық материалдары бар министрлiктер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар оларды Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгіне көшiрме түрiнде және ақысыз ұсынатын болсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен. P980892_ ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_ 4. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу кезiнде жер учаскелерiне берiлген нөмiрлер жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен олармен мәмiлелердi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдары тарапынан мемлекеттiк тiркеу мақсаты үшiн пайдаланылады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң Тәртiбi <*> ЕСКЕРТУ. Тәртiп өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_ I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi - Кадастр) "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес мемлекеттiк органдарды, азаматтарды және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi. <*>
2. Кадастр Қазақстан Республикасы жерлерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, орыны, мақсатты пайдаланылуы, жер учаскелерiнiң мөлшерлерi мен шекаралары, олардың сапалық сипаты туралы мәлiметтердiң, жер учаскелерiн есепке алу, жердi пайдалану және бағалау туралы, басқа да қажеттi мәлiметтердiң жүйесiн бiлдiредi. <*>
Суармалы жер учаскелерiнiң мелиоративтiк жай-күйi, олардың табиғи және сулылық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау, олардың пайдалануын есепке алу туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жерлердiң мелиорациялық кадастры жер кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады. <*>
3. Кадастрдың деректерi жерлердi пайдалануды жоспарлау және күзету кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтердi бағалау және жерлердi пайдалану мен күзетуге байланысты басқа да шараларды жүзеге асыру кезiнде негiз болып табылады және жермен мәмiле жасау кезiнде, жер үшiн төлемдердiң мөлшерiн айқындау кезiнде, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу кезiнде де пайдаланылуы мүмкiн.
4. Кадастрды жүргiзу кезiнде координаттардың, биiктердiң, картографиялық кескiндердiң, бiрыңғай жiктемелердiң, кодтардың, кiрiс және шығыс қалыптардың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қолдануға негiзделген ақпараттардың өзара үйлесiмдiлiк принципi қамтамасыз етiледi.
5. Кадастр кадастрлардың мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
6. Кадастр оны жүргiзу процесiнде үнемi жаңарып отыратын Қазақстан Республикасының жер ресурстарын пайдаланудың және күзетудiң жағдайы туралы мәлiметтердiң жүйелендiрiлген жиынтығын бiлдiредi.
7. Тұйық шекаралармен бөлiнген, белгiленген тәртiпте жер құқық қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлген жер учаскелерi Кадастрдың деректерiне есеп жүргiзудiң және сақтаудың бiрлiгi болып табылады.
8. Кадастрда әрбiр жер учаскесi үшiн оны кеңiстiкте бiр мәндi бөлуге, мөлшерi мен орнын, сондай-ақ құнының бағалануын (жердiң сәйкес бағасы) айқындауға мүмкiндiк беретiн сипаттама белгiленедi.
9. Жер учаскелерi туралы мәлiмет аталмыш учаскеге бекiтiлiп берiлген нөмiрi, орналасқан жерi, шекаралары және мәтiндiк суреттелуi көрсетiлетiн жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
10. Кадастрдың мәлiметтерiн қалыптастыру Кадастрды жүргiзу мақсаты үшiн орындалатын топографиялық-геодезиялық, аэрокосмостық, картографиялық, жерге орналастырушылық, түгендеушiлiк, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа да тексерулер мен зерттеулер жүргiзумен қамтамасыз етiледi.
11. Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке және заңды тұлғалардың - субъектiлердiң атауы, жер учаскесiне құқық, атқарушы органдардың актiлерi мен басқа да заңда көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орыны мен көлемi, бағалық құны және жердi пайдалану құқығы, мақсаттық мәнi, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөнiндегi шектеулер туралы ақпараттарға көңiл бөлiнетiн және сақталатын тиiстi әкiмшiлiк аудандардың деңгейiнде жүргiзiледi.
Бұл деректер аудандар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және бүтiндей алғанда Қазақстан Республикасы бойынша оларды өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жердiң санаттары бойынша жүйелендiрiледi.
II. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттігінiң және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының
мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу саласындағы функциялары <*>
ЕСКЕРТУ. II-тараудың атауы және мәтiнiнде сөздер өзгердi -
ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен. P980892_
12. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыруды орталық уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары қалыптастыратын мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тiркеу мақсатында жер учаскелерiнiң есебiн алу жөнiндегi жұмыстар тапсырысшылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырады. <*>
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
қаулысымен. P010800_
13. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі: <*>
жобалау-зерттеу, аэрокосмостық, жерге орналастыру, түгендеу, топырақ зерттеу, геоботаникалық, бағалау жұмыстарын және кадастрды жүргiзу, кадастрлық құжаттамаларды қалыптастыру және жаңарту мақсаттары үшiн жүзеге асырылатын басқа да зерттеулер мен тексерулердi жүргiзудi ұйымдастырады;
белгiленген тәртiпте, оның құзыретiнiң шегiнде барлық министрлiктер, заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылатын, Кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттамалардың әдiстемелiк нұсқаулары мен нұсқаулықтарын, нормативтерi мен стандарттарын жасайды және бекiтедi; <*>
жыл сайын мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға Кадастр мен жерлер мониторингi деректерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы жерлерiнiң жағдайы және пайдаланылуы туралы жиынтық талдамалы есеп ұсынады; <*>
Кадастр деректерiнiң басқа мемлекеттiк кадастрлардың мәлiметтерiмен сыйымдылығының сақталуын қамтамасыз етедi;
жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң Кадастрды жүргiзудi ұйымдастыруына бақылауды жүзеге асырады; <*>
Қазақстан Республикасының аумақтарында Кадастрдың деректерiн алудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған әдiсiне кезең-кезеңмен көшу жөнiндегi жұмыстардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
ақпараттарды жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған кiру құқығын республикалық деңгейде жүзеге асырады және қамтамасыз етедi;
жер туралы мәлiметтердi, жүйелендiрудi, зерттеудi және сақтауды, сондай-ақ Кадастрдың жариялауға жататын материалдарын шығаруды жүзеге асырады, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға, азаматтарға және заңды тұлғаларға мәлiмет ұсынады.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
қаулысымен. P010800_
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.27. N 574
қаулысымен. P020574_
14. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттерi: <*>
жыл сайын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне тиiстi облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша бар жер мен олардың пайдаланылуы туралы есептi бередi; <*>
жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң Кадастрды жүргiзудi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi; <*>
Кадастрдың деректерiн алудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған әдiсiне кезең-кезеңмен көшу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
автоматтандырылған режимде ақпараттарды жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған кiру құқығын жүзеге асырады және қамтамасыз етедi;
аумақтық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттердi картографиялық негiздермен, бағдарламалық әзiрленiмдермен, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етедi; <*>
аудандық (қалалық) деңгейдегi мамандарды оқытады және олар атқарған жұмыстардың сапасын бақылайды;
жер учаскелерiн есепке алуды, тиiстi облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы жер учаскелерiне құқықтылықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi және берудi жүргiзедi;
мүдделi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) басқару
органдарына, азаматтарға және заңды тұлғаларға Кадастрдан мәлiметтер ұсынады. ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_ 15. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер: <*> жаңа жер учаскелерiн құруды және барларын қайта құруды жүзеге асырады; жер учаскелерiнiң есебiн, жер учаскесiне құқықтылықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi және берудi жүргiзедi; жыл сайын жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитетке аудан жерлерiнiң есебi және пайдаланылуы туралы есеп ұсынады; мүдделi аудандық басқару органдарына, азаматтарға және заңды тұлғаларға Кадастрдан мәлiметтер ұсынады; автоматтандырылған режимде ақпараттардың жаңартылуын, сақталуын және қорғалуын, сондай-ақ оған кiру құқығын аудандық деңгейде жүзеге асырады және қамтамасыз етедi. III. Жер-кадастрлық құжаттама 16. Кадастр базалық құжаттардан тұрады. Базалық құжаттарға: жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсi (кадастрлық iс); тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабы; жер-кадастрлық карта (кадастрлық карта) жатады.
Базалық құжаттарда жер учаскелерi туралы алғашқы мәлiметтер жазылады және жерлердiң шаруашылық және табиғи жағдайында болған өзгерiстер көрсетiледi.
17. Кадастрлық iс - жер учаскесi туралы құжаттар кiретiн жаңа жер учаскелерiн құру және барларын қайта құру туралы iс.
Кадастр iсiн қалыптастыру жер учаскесiн мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазу үшiн негiз болып табылады.
18. Мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жерлердiң кеңiстiктiк, табиғи және шаруашылықтық жағдайлары туралы нақты мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.
Ауылдық (селолық) округтiң, поселкенiң мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабын жүргiзудi тиiстi ауылдық (селолық) немесе поселкелiк атқарушы органның өкiлеттi лауазымды тұлғалары жүзеге асыра алады.
Әдiстемелiк қамтамасыз ету және аталмыш құжаттың жүргiзiлуiн бақылау жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттiң тарапынан жүзеге асырылады. <*>
Жер учаскесiн мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазу кезiнде оған учаске бар кезде бiрыңғай бүтiндiк ретiнде сақталатын, дербес, Қазақстан Республикасының аумақтарында қайталанбайтын кадастрлық нөмiр берiледi. Бұл учаскеге жүргiзiлген кадастрлық iс те осы нөмiрмен бiрдейлендiрiледi.
Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрiн құру осы Тәртiптiң 43-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Жердiң кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан орнын, мөлшерлерiн және шекараларын көрнекi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу кезiндегi олардың өзгерiстерiн есепке алу мақсатында құрылады және жүргiзiледi. Кадастр үшiн кадастрлық карталар жүргiзу және тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне есепке алу жүргiзу осы Тәртiптiң 24 және 49-52-тармақтарында мазмұндалған.
20. Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, мазмұны, нысандары, сондай-ақ оларды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулар мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң тарапынан әзiрленедi және бекiтiледi. <*>
21. Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
барлық реквизиттердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, адресатты) құжатты алушыны (көрсету) толтыру арқылы белгiленген үлгiдегi бланкаларда орындалады;
жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі белгiлеген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады; <*> мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларындағы (сызбалары) мазмұндалатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады. IV. Кадастрды жүргiзудiң тәртiбi 22. Кадастрды жүргiзуге: әзiрлiк жұмыстары: бастапқы деректердi жинау және өңдеу; кадастрдың ақпараттық жүйесiн құру енедi.
23. Әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде қолда бар жоспарлау-картографиялық материалдарды, жер-есептiк құжаттамаларды, топырақтық геоботаникалық және басқа да зерттеулердiң материалдарын зерттеу және талдау, жер учаскелерi туралы мәлiметтер жинау жүзеге асырылады.
24. Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларына өзгертулер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.
Кадастрлық карталардың масштабы Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қатысты таңдалады. Кадастрлық карталардың түрлерi осы Тәртiптiң 49-тармағында айқындалған.
Автоматтандырылған Кадастр жүргiзу кезiнде картографиялық негiз қағаз бетiндегi көшiрмелерi дайындалып геоақпараттық технологиялар қолданылуы арқылы электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.
25. Жер учаскелерi туралы ақпарат жерге орналастырудың деректерi бойынша құрылады және учаскелер мен пайдаланылатын жерлердiң шекаралары мен алаңдары өзгерген кездерде жүйелi түрде жаңартылады.
26. Жер учаскесi егер оның белгiленген шекарасы болса және оған кадастрлық iс жүргiзiлсе түпкiлiктi қалыптастырылған болып саналады.
Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелiк ету болмаса пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде кадастрлық iс олардың өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Жер учаскесiне құқықты куәландырушы құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскенi ұсынушы құзыреттi атқарушы органның шешiмiмен учаске шекарасының сызбасы (кестесi) өтiнiшпен қоса берiледi.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер олардың шекараларының, алаңдарының өзгеруi белгiлi болған және бұл өзгерiстердiң мақсаттық тұрғысы жергiлiктi атқарушы органдардың қайта бекiтуiне немесе мүдделi тараптардың арасындағы жасалған шарттарда көрсетуге жататын жағдайларда жергiлiктi жерде жер учаскесiн тексеру арқылы аталмыш құжаттарды тексерудi жүзеге асырады. <*>
Егер оларға, тиiсiнше өмiрбойғылық мұрагерлiк иелiк немесе тұрақты иелiк және тұрақты пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiн азаматтардың меншiгiне немесе заңды тұлғалардың пайдалануына беру кезiнде бiр не болмаса бiрнеше жаңа жер учаскелерi пайда болса, онда олардың әрқайсысында жаңа кадастрлық iс жүргiзiледi. Бұрын учаскенiң кадастрлық iсi оны жою туралы белгiмен архивке өткiзiледi.
27. Азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi жерлерден учаске құру тек тараптардың арасында жасалған мәмiлелердiң негiзiнде ғана жүргiзiледi.
Жер учаскесiн құруға мүдделi тұлғалардың өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiлген кадастрлық iске аталмыш мәмiлелер бойынша нотариалдық куәландырылған көшiрмелер, жер учаскелерiнiң жоспарлары немесе сызбалары, басқа да құжаттар кiргiзiледi.
28. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiндегi, немесе пайдалануындағы жерлерден мемлекеттiк қажеттер үшiн жер учаскесiн құру кезiнде оған жүргiзiлген кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не болмаса соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекаралардың сызбасы) және iстi қарау кезiнде пайда болған басқа құжаттар кiргiзiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
қаулысымен. P010800_
29. Мемлекеттiк қажеттер үшiн, не болмаса азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы мәмiлелерде жасалған жер учаскесiн қайта құру жағдайларында жаңа кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта құру процесiне ықпал етушi барлық құжаттар аталмыш учаскеге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iске кiргiзiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
қаулысымен. P010800_
30. Азаматтар мен заңды тұлғалардан күштеп алуға жататын (тәркiлеу) не "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Z010152_ Заңының 74 және 75-баптарында көзделген негiздер жер учаскесiнiң кадастрлық iсiне соттық-атқарушылық өндiрiстiң құжаттары кiргiзiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
қаулысымен. P010800_
31. Егер жер учаскесiнiң бөлiктерiн уақытша пайдалануға немесе кепiлге (ипотека) беруге мәжбүр ету туралы шарттың талаптары бойынша бұл бөлiктi басқа жерден бөлшектеушi шекараны белгiлеу қажет болса (демек жаңа уақытша учаске құру) онда мұндай учаскеге дербес кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Барлық құжаттар меншiк иесiнiң немесе жердi пайдаланушының негiзгi жер учаскесiнiң кадастрлық iсiне кiргiзiледi.
Егер уақытша жер учаскесiнiң және жер сервитутының болуына негiз жойылса, онда кадастрлық iстегi тиiстi құжаттарда жазу жазылады және олардың жойылғаны туралы белгi қойылады.
32. Кадастр қағаз бетiне жүргiзiледi және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйесiн пайдалану арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
33. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесi жұмысының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Жер ресурстарының басқару жөнiндегi агенттігі айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында құрылады. <*>
V. Жерге сандық, сапалық есеп жүргiзудiң
және бағалаудың тәртiбi
34. Жерлердiң сандық және сапалық есебi олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгертулер олар жергiлiктi жерлерде болғаннан кейiн көрсетiледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтапқа кiргiзiледi.
Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар, облыстар бойынша және бүтiндей алғанда республика бойынша қалыптастырылады. Бұл ретте айрықша күзетiлетiн табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi.
Барлық санаттағы жерлер есептеуге жатады және ол жердi пайдалану түрлерi бойынша жүргiзiледi.
Жерлердiң мөлшерi, орны, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды бастапқы есепке алу кезiнде көрсетiледi, ал жерлердiң құрамында олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерiстер жерлердiң ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.
35. Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:
а) жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылар, өкiлеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (ауыл (село), поселке, аудандық маңызы бар қала) әкiмдерiнiң органы есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитетке белгiленген нысан бойынша меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (ауыл (село), поселке, аудандық маңызы бар қала) әкiмдерiнiң иелiгiндегi жерлердiң құрамында болған өзгерiстер туралы есептер ұсынады; <*>
б) жер ресурстарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк органдар есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша аудандар, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар, Қазақстан Республикасының облыстары бойынша жерлердiң саны, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы оларға мыналарды қосу арқылы есептеме құрастырады; <*>
ауыл шаруашылығына пайдаланылатын алаңдардың саны мен оларда болған өзгерiстер (оның iшiнде жеке суармалы және құрғатылған жерлер), оларды санаттар, меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жер учаскелерiн мемлекет меншiгiне сату туралы, пайдаланылған және жүйесiз пайдаланылған жерлердi алу туралы және мемлекеттiң меншiгiндегi жерлердi ауыл шаруашылығы емес қажеттiлiктер үшiн бөлу туралы мәлiметтердi - жыл сайын;
ұсынылған жерге ақы алу үшiн қажеттi мәлiметтердi, жерлер мен оларды санаттар, танаптар, меншiк иелерi, жердi пайдаланушылар бойынша бөлу, пайдаланылатын жерлердiң алаңдарында болған өзгерiстер, жердiң сапалық жағдайы, оларды кадастрлық бағалау және аумақтардың игерiлуi туралы мәлiметтердi - 5 жылда бiр рет.
ЕСКЕРТУ. 35-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен.
P980892_
36. Жерлердiң сапасын және құндық бағасын есепке алу:
мақсаттық тұрғысын ескерiп жер учаскесiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн айқындау;
жер учаскесiн кепiлге салу арқылы банкiлiк кредит алу кезiнде жердiң бағасын айқындау;
салық салу;
жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттер үшiн күштеп алу кезiнде және реквизиция жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен айқындау;
аукционда сату кезiнде жер учаскесiнiң немесе жердi пайдалану құқығының бастапқы бағасын айқындау мақсатында жүргiзiледi.
Жердiң сапасы және оның құндық бағасы туралы мәлiмет әрбiр жер учаскесi бойынша мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.
Жердi бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жекеменшiкке сатылатын немесе мемлекетке пайдалануға ұсынылатын жер учаскелерiнiң бағалық құнын айқындау тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 36-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
қаулысымен. P010800_
37. Осы тәртiптiң 35-тармағына сәйкес жасалған бар жерлер, олардың саны, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептер қаралады және бекiтiледi:
аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша - тиiстi ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкiмдерiнiң тарапынан және есептi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық комитетке ұсынылады; <*>
облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша тиiстi облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiнiң тарапынан және есептi жылдың 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне ұсынылады. <*>
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының бар жерлері, олардың сапалық жай-күйі және пайдаланылуы (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда, республика бойынша) туралы жиынтық талдамалы есепті алқада қарайды және бұйрықпен бекітеді. <*>
Оны Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі
агенттігі бекiткеннен кейiн жиынтық талдамалы есептiң көшiрмесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Экономика және сауда министрлiгiне, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Статистика жөнiндегi агенттiгiне жолданады. <*> ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен. P980892_ ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_ ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.27. N 574 қаулысымен. P020574_ VI. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу 38. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiнiң және ондағы жылжымайтын мүлiктердiң есебiн алу меншiк құқы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктерге иелiктi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етушi қажеттi шарт болып табылады. 39. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi көрсету мiндеттi болып табылады: жер учаскесi иесiнiң немесе пайдаланушының аты-жөнi; жер учаскесiнiң көлемi; жер учаскесiне меншiктiң нысаны; жер учаскесiнiң мақсаттық тұрғысы; жер учаскесiн пайдаланудағы шектеу; жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi; жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi; жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiк туралы мәлiмет.
40. Азаматтар мен заңды тұлғалар жылжымайтын мүлiк объектiлерi орналасқан жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлуi үшiн, сондай-ақ жерге құқықты куәландыратын ескi үлгiдегi құжатты жаңасына ауыстыру үшiн өтiнiшпен тиiстi жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитетке хабарласады.
Жер учаскесiне және жылжымайтын мүлiкке құқықты куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi, жер учаскесiне орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық түгендеу органы немесе сәулет және қала құрылысы органы растаған жоспары өтiнiшпен қоса берiледi.
41. Жер учаскесiн сәйкестендiру, оны кадастрлық картада көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекарасын, шектеулер мен жүктеулердiң болуын айқындаудан, басқа тұлғалар құқығының сипатын, сондай-ақ мақсаттық пайдаланылуын белгiлеуден басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу процедуралары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң нұсқаулық көрсетулерiне сәйкес жүргiзiледi. <*>
42. Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi бойынша "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiлердi беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 402 қаулысына сәйкес жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар әзiрленедi және берiледi, сондай-ақ осы Тәртiптiң 18-тармағына сәйкес жер учаскесiне кадастрлық нөмiр беру арқылы мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазба жазылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 42-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
қаулысымен. P010800_
43. Кадастрлық нөмiрдi құру:
облыстардың немесе республикалық маңызы бар қалалардың кодымен;
әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың кодымен;
есептi кварталдың кодымен;
жер учаскесiнiң есептi кварталдағы және (немесе әкiмшiлiк аудандағы, облыстық (аудандық) маңызы бар қаладағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.
Елдi мекеннiң, жұмысшы поселкелерi мен селолық елдi мекендердiң, бағбандық және саяжайлық қоғамдардың кварталдары, темiр жол, автомобиль жолдары, бөлу жолақтары бар жер бетiндегi, жерден жоғары және жер асты құбыр желiлерi, суаттар және басқа желiлiк объектiлер есептi кварталдар болып табыла алады.
Ескерту. Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың кодын, одан кейiнгi үшеуi - әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейiнгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың және (немесе әкiмшiлiк ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың iшiндегi жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.
44. Есептi кварталдар мен олардың кодтарын сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ техникалық түгендеу органдарымен келiсiм бойынша жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитеттер айқындайды және соңынан құқықтық кадастрде пайдаланылатын тиiстi құзыреттi атқарушы орган бекiтедi.
Есептi кварталдардың және (немесе әкiмшiлiк аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың iшiндегi жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитеттер бередi.
45. Егер осы Тәртiпке сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда аталмыш кварталдың iшiндегi жер учаскесiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiр берiледi. Бұл жағдайды мұндай кварталдың коды кадастрлық нөмiрдiң нақты есептi кварталда шартты бiлдiрiлуiн көрсетуi тиiс "9" санымен басталады. Есептi кварталдың заңды статусын одан кейiнгi анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсету арқылы оған нағыз код берiледi.
46. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiр берiледi.
47. Бүтiн жер учаскесiне меншiктiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды. <*>
Жер учаскесiнiң есептiк деректерiне онымен мәмiленi жүзеге асырудың нәтижесiнде жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi тұрақты пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысуы туралы мәлiметтердi енгiзудi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдары ұсынған материалдардың негiзiнде жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитетi жүргiзедi.
ЕСКЕРТУ. 47-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
қаулысымен. P010800_
48. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитет жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгендiгi және бұл учаскенiң жер кадастрiнде есепке қойылғандығы туралы мәлiмдеушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Мәлiмдеушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және кадастрлық картада (кестеде) өзгерту көрсетiлген кадастрлық картаның (кестенiң) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi берiледi.
49. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай кадастрлық карталар (кестелер) бақылау жағдайында құрылады және ұсталады:
Қазақстан Республикасының кадастрлық картасы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
облыстардың кадастрлық картасы (кестесi) әкiмшiлiк аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы;
республикалық маңызы бар қалалардың кадастрлық картасы қаланың
iшiндегi әкiмшiлiк аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы; әкiмшiлiк ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың кадастрлық картасы (кестесi) есептi кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы; есептi кварталдың кадастрлық картасы (кестесi) жер учаскелерiнiң шекаралары мен нөмiрлерi көрсетiлуi арқылы. 50. Кадастрлық картада (кестеде) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарға және картаның (кестенiң) масштабындағы жердi пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi. 51. Қажет болған кезде кадастрлық карталар (кестелер) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн. 52. Кадастрлық карталарды (кестелердi), жүргiзудi және одан кейiнгi жаңартуларды оларды бақылау жағдайында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдарына ұсынатын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң аумақтық органдары жүзеге асырады. <*> ЕСКЕРТУ. 52-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_ VII. Кадастрдың ақпаратын пайдалану 53. Мыналар Кадастрдың ақпаратын пайдаланушылар болып табылады:
аумақтарды дамытуды жоспарлау, жерлердi аймақтандыру, табиғат ресурстарын орынды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды жасау мәселелерi бойынша, жер ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттiк басқару органдары;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдары мен Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi және оның жергiлiктi жердегi органдары; <*>
құрылыс салуға жер учаскелерiн таңдау және ұсыну (сату) мәселелерi бойынша - құрылыс және басқа объектiлердiң тапсырыс берушiлерi;
жобалау-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы мәлiметтер алу мәселелерi бойынша - жобалау, зерттеу, ғылыми-зерттеу ұйымдары;
мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысының және басқа да құжаттамаларды әзiрлеу мәселелерi бойынша - сәулет және қала құрылысы органдары;
табиғат ресурстарын пайдалануға және қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргiзу, табиғат қорғау шараларын әзiрлеу мәселелерi бойынша қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын қорғаудың мемлекеттiк органдары;
жер салығын есептеу мәселесi бойынша - салық қызметi;
басқа да заңды және жеке тұлғалар.
ЕСКЕРТУ. 53-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен.
P980892_
ЕСКЕРТУ. 53-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
қаулысымен. P010800_
54. Мемлекеттiк құпиясы жоқ және кiруге басқа да шектеулерi болмаған Кадастрдың ақпараты кез-келген заңды және жеке тұлғаға ұсынылады.
Пайдаланушылар алған Кадастрдың ақпараты сатуға немесе басқа мәмiлелер жасауға жатпайды, бiрақ өндiрiстiк ақпарат құру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
55. Кадастрдың ақпаратын пайдалану, қағаз немесе магниттiк тасымалдаушыларда стандартты ресiмделген кадастрлық құжаттармен танысу және (немесе) оны алу нысанында, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы Кадастр мәлiметтерi банкiсiне тiкелей санкцияландырылған рұқсат арқылы жүзеге асырылады.
56. Кадастрдың ақпаратына ену режимiн бұзу немесе анық емес
ақпараттарды ұсыну қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершiлiкке апарады. 57. Жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалған мәмiлеге құқықтылықты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы, немесе мемлекеттiк бақылау функцияларын орындаушы немесе басқа да мемлекеттiк кадастрларды жүргiзудi жүзеге асырушы органдардан басқа кадастрдың ақпараттарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі белгiленген тәртiпке сәйкес деректердi iздеу, өңдеу және жауапты ресiмдеу жөнiндегi шығындарды төлейдi. <*> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 892 қаулысына 1-қосымша ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен. P980892_ Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың ТIЗБЕСI ___________________________________________________________________ Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк | Код ___________________________________________________________________ Ақмола 01 Ақтөбе 02 Алматы 03 Атырау 04 Шығыс Қазақстан 05 Жамбыл 06 Батыс Қазақстан 08 Қарағанды 09 Қызылорда 10 Қостанай 12 Маңғыстау 13 Павлодар 14 Солтүстiк Қазақстан 15 Оңтүстiк Қазақстан 19 Алматы қаласы 20 Астана қаласы 21 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 892 қаулысына 2-қосымша ЕСКЕРТУ. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен. P980892_ ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_ Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған әкiмшiлiк аудандар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың ТIЗБЕСI ___________________________________________________________________ Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк | Код ___________________________________________________________________ 1 | 2 ___________________________________________________________________ Ақмола облысы-01 Ақкөл 001 Астрахань 002 Атбасар 003 Сандықтау 004 Аршалы 005 Ерейментау 006 Егiндiкөл 007 Қорғалжын 008 Бұланды 009 Целиноград 011 Шортанды 012 Ақкөл қаласы 014 Атбасар қаласы 015 Ерейментау қаласы 016 Макинск қаласы 017 Степногор қаласы 018 Шаңтөбе поселкесi 019 Жарқайың 275 Есiл 277 Жақсы 278 Державин қаласы 283 Есiл қаласы 284 Красногор поселкесi 285 Еңбекшiлдер 172 Зерендi 160 Щучье 171 Көкшетау қаласы 174 Заозерный кентi 173 Степняк қаласы 176 Щучье қаласы 177 Ақтөбе қаласы-02 Алға 022 Байғанин 023 Әйтеке би 024 Ырғыз 025 Мұғаджар 027 Қарғалы 028 Мәртөк 029 Темiр 031 Ойыл 032 Қобда 033 Хромтау 034 Шалқар 035 Ақтөбе қаласы 036 Алға қаласы 037 Қандыағаш қаласы 038 Темiр қаласы 039 Хромтау қаласы 040 Шалқар қаласы 041 Ембi қаласы 042 Алматы облысы-03 Балқаш 043 Еңбекшiқазақ 044 Жамбыл 045 Iле 046 Қарасай 047 Райымбек 050 Талғар 051 Ұйғыр 052 Есiк қаласы 054 Қапшағай қаласы 055 Каскелең қаласы 056 Талғар қаласы 057 Ақсу 254 Алакөл 255 Қаратал 259 Кербұлақ 260 Көксу 261 Панфилов 262 Сарқанд 263 Ескелдi 264 Жаркент қаласы 266 Сарқант қаласы 267 Талдықорған қаласы 268 Текелi қаласы 269 Үштөбе қаласы 270 Үшарал қаласы 271 Атырау облысы-04 Жылыой 059 Индер 060 Исатай 061 Қызылқоға 062 Құрманғазы 063 Мақат 064 Махамбет 065 Атырау қаласы 066 Шығыс Қазақстан облысы-05 Глубокий 068 Зайсан 069 Зырян 070 Катонқарағай 071 Күршiм 072 Лениногор 073 Тарбағатай 078 Ұлан 079 Шемонаиха 080 Зайсан қаласы 081 Зырян қаласы 082 Лениногор қаласы 083 Серебрянск қаласы 084 Өскемен қаласы 085 Шемонайха қаласы 086 Абай 236 Аягөз 239 Бесқарағай 240 Бородулиха 241 Жарма 243 Көкпектi 244 Үржар 248 Аягөз қаласы 251 Семей қаласы 252 Шар қаласы 253 Жамбыл облысы-06 Байзақ 087 Жамбыл 088 Жуалы 089 Қордай 090 Т. Рысқұлов атындағы 091 Мерке 092 Мойынқұм 093 Сарысу 094 Талас 095 Шу 096 Тараз қаласы 097 Жаңатас қаласы 098 Қаратау қаласы 099 Шу қаласы 100 Батыс Қазақстан облысы-08 Бөрiлi 114 Жаңақала 115 Жәнiбек 116 Зеленов 118 Қазталовка 119 Қаратөбе 120 Сырым 122 Тасқала 124 Теректi 125 Бөкейордасы 126 Ақжайық 127 Шыңғырлау 128 Ақсай қаласы 129 Орал қаласы 130 Чапаев қаласы 131 Қарағанды облысы-09 Қарқаралы 133 Абай 134 Нұра 136 Осакаровка 137 Бұхар-Жырау 140 Абай қаласы 141 Қарағанды қаласы 142 Қарқаралы қаласы 143 Сарань қаласы 144 Темiртау қаласы 145 Шахтинск қаласы 146 Ақтоғай 102 Жаңарқа 104 Ұлытау 106 Шет 107 Балхаш қаласы 108 Жезқазған қаласы 109 Қаражал қаласы 110 Приозерск қаласы 111 Сәтпаев қаласы 112 Қызылорда облысы-10 Арал 147 Жалағаш 148 Жаңақорған 149 Қазалы 150 Қармақшы 151 Сырдария 153 Шиелi 154 Қазалы қаласы 155 Қызылорда қаласы 156 Қостанай облысы-12 Алтынсарин 178 Жетiғара 179 Қамысты 180 Қарасу 181 Қарабалық 182 Қостанай 183 Ұзынкөл 184 Меңдiқара 185 Наурызым 186 Денисов 187 Әулиекөл 188 Таран 189 Сарыкөл 190 Федоров 191 Жетiғара қаласы 192 Қостанай қаласы 193 Лисаковск қаласы 194 Рудный қаласы 195 Амангелдi 272 Жангелдi 276 Арқалық қаласы 282 Маңғыстау облысы-13 Бейнеу 196 Қарақия 197 Маңғыстау 198 Түпқараған 199 Ақтау қаласы 200 Жаңаөзен қаласы 201 Форт-Шевченко қаласы 202 Павлодар облысы-14 Ақтоғай 204 Баянауыл 205 Железинка 206 Ертiс 207 Качир 208 Лебяжi 209 Май 210 Павлодар 211 Успенск 212 Шарбақты 213 Ақсу қаласы 215 Ертiс қаласы 216 Курчатов қаласы 217 Павлодар қаласы 218 Екiбастұз қаласы 219 Солтүстiк Қазақстан облысы-15 Қызылжар 220 Мағжан Жұмабаев атындағы 221 Жамбыл 223 Есiл 224 Мамлют 225 Сергеев 228 Совет 229 Тимирязев 231 Булаево қаласы 232 Мамлютка қаласы 233 Петропавл қаласы 234 Сергеев қаласы 235 Айыртау 157 Уәлиханов 162 Тайынша 164 Целина 165 Ақжар 167 Тайынша қаласы 175 Оңтүстiк Қазақстан облысы-19 Байдыбек 286 Арыс 287 Мақтаарал 288 Қазығұрт 289 Ордабасы 293 Отырар 294 Сайрам 295 Сарыағаш 296 Созақ 297 Төлеби 298 Түлкiбас 300 Шардара 301 Арыс қаласы 302 Жетiсай қаласы 303 Кентау қаласы 304 Ленгiр қаласы 305 Сарыағаш қаласы 306 Түркiстан қаласы 307 Шардара қаласы 308 Шымкент қаласы 309 Алматы қаласы-20 Алмалы 311 Әуезов 312 Бостандық 313 Жетiсу 314 Медеу 315 Түрксiб 317 Астана қаласы-21 "Алматы" 318 "Сарыарқа" 319