1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасын, Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Медициналық орталығын дербес заңды тұлға ретiнде ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен жеке қаржыландырылсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.07.20. N 1012 қаулысымен. P991012_ 2. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң шығыстары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы арқылы, ал Қазақстан Республикасы Парламентi Аппатарының шығыстары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы арқылы қаржыландырылады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландырудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi