Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
"Қазақстан Республикасының Дипломатиялық паспорты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 қазандағы N 1066 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты туралы ережедегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берiлетiн Қазақстан Республикасы лауазымды тұлғаларының тiзбесi "Ұлттық Банкiсiнiң төрағасы" деген сөздерден кейiн "және оның орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары