Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы туралы

Қазақстан Респуликасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 мамыр N 654. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

       ЕСКЕРТУ. Қаулының мәтiнiне өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.12.   N 895   қаулысымен. 

      1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына сәйкес, сыртқы экономикалық салада мемлекеттiк мүдделердi қорғау, экспортталатын тауарлардың санына, сапасына және бағасына бақылауды ұйымдастыру, валюталық түсiмнiң республикаға түспеуiнiң алдын алу мақсатында және республиканың Бүкiл дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруiне әзiрленуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. 1996 жылдың 15 тамызынан бастап жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы енгiзiлсiн. 
      Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге инспекция, тәуелсiз инспекция жүргiзуге жiберiлген органдардың қалауы бойынша iшiнара жүргiзедi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.12.  N 895  
қаулысымен.   
      (2-тармақ)
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды, 1-8 тармақтар 1-7 тармақтар болып саналсын - ҚРҮ-нiң 1996.07.12.  N 895  қаулысымен. 
      2. Экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiнде 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Ведомствоаралық комиссиясы құрылсын.<*> 
      3. Мыналар бекiтiлсiн: 
      Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы Ереже (2-қосымша);<*> 
      Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүзеге асырудың тәртiбi туралы Ереже (3-қосымша);<*> 
      iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың тiзбесi (4-қосымша);<*> 
      экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүзеге асыру құқығына арналған тендер жүргiзу тәртiбi (5-қосымша).<*> 
      4. Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы:<*> 
      Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу құқығына арналған тендер ұйымдастырылсын;<*> 
      тендердi ұйымдастыру шарттарына сәйкес 1996 жылдың 30 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде қазақстандық және шетелдiк үмiткерлердi iрiктеудiң қажеттi процедураларын жүргiзсiн және жеңiмпаздарды айқындасын; 
      Үкiметке тендердiң нәтижелерi және экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру үшiн қажеттi шығындар туралы ақпарат берсiн;<*> 
      тендердiң нәтижелерi бойынша ол өткiзiлгеннен кейiнгi бес күннiң iшiнде жеңiмпаздарға 1 жыл мерзiмге жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу құқығына арналған куәлiк берсiн.<*><*><*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. 
N 895  қаулысымен.  
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа (бұрынғы 5-тармақ) өзгерiс енгiзiлдi - 
ҚРҮ-нiң 1996.12.05.  N 1492  қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi осы қаулы жарияланған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде сыртқы экономикалық қызмет субъектiлерiне 1996 жылдың 15 тамызынан бастап жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекциясының жүйесiнiң енгiзiлгенi туралы хабарласын.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. N 895 
қаулысымен. 
      6. Контрактiлiк баға мен жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзудiң нәтижесiнде айқындалған бағасының арасында айырма анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органдары кеден органдарының ұсынысы бойынша салық салу мақсатында салық төлеушiлердiң кiрiсiн осы айырмаға түзетедi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. N 895 
қаулысымен. 
      7. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қоры есебiнен экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын өткiзу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу үшiн қаражат бөлсiн;<*> 
      1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне 
экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын өткiзу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу үшiн қосымша шығындар 
қарастырсын.
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақтан (бұрынғы 8-тармақ) сөздер алынып  тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.12.05.  N 1492  қаулысымен. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң               
1996 жылғы 28 мамырдағы         
N 654 қаулысына            
1-қосымша              

        Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара
          тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi
                ведомствоаралық комиссиясының
                            Құрамы

      ЕСКЕРТУ. 1-қосымшаның атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. N 895 қаулысымен.

Дүйсенов Д.Т.       - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                      орынбасары, комиссияның төрағасы

Шөкеев Ө.Е.         - Қазақстан Республикасының Экономика
                      министрi, комиссия төрағасының орынбасары

                   Комиссия мүшелерi:

Ертiлесова Ж.Ж.     - Қазақстан Республикасы Экономика
                      министрiнiң бiрiншi орынбасары

Иванов В.М.         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                      Бас салық инспекциясы бастығының
                      орынбасары

Кирднов В.Д.        - Қазақстан Республикасының Кеден комитетi
                      төрағасының орынбасары

Нұрғалиева Е.Н.     - Қазақстан Республикасы Әдiлет
                      министрiнiң орынбасары

Оспанов Х.А.        - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                      сауда министрiнiң орынбасары

Рысбеков М.А.       - Қазақстан Республикасы Стандарттау,
                      метрология және сертификаттау жөнiндегi
                      комитетiнiң төрағасы

Құрманғалиев С.Ш.   - Қазақстан Республикасының Баға және
                      монополияға қарсы саясат жөнiндегi
                      мемлекеттiк комитетi төрағасының бiрiншi
                      орынбасары

Савелев А.И.        - Қазақстан Республикасының Үкiметi
                      Аппаратының экономикалық саясат бөлiмi
                      меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары

Шуховцов А.И.       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                      министрiнiң орынбасары

      ЕСКЕРТУ. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.06.  N 1497  қаулысымен.     

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 28 мамырдағы     
N 654 қаулысына         
2-қосымша             

      Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара
       тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi
               ведомствоаралық комиссиясы туралы
                           Ереже

      ЕСКЕРТУ. Ереженiң атауы мен мәтiнiне өзгерiстер енгiзiлдi - 
ҚРҮ-нiң 1996.07.12.  N 895  қаулысымен.  

      1. Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қазақстандық және шетелдiк ұйымдарды экспортқа шығарылатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясын жүргiзуге рұқсат ету саласын, сондай-ақ жалған ұйымдардың қызметiн бақылауды үйлестiрушi орган болып табылады.<*> 
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: 
      жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу құқығына арналған тендерге ұсынылған құжаттарды қарау;<*> 
      қазақстандық және шетелдiк ұйымдарды жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердi iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзуге рұқсат ету туралы шешiм қабылдау;<*> 
      жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзуге рұқсат етiлген ұйымдардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы ұйымдардың өкiлеттiгiн тоқтату жөнiнде шешiмдер қабылдау;<*> 
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне iшiнара тәуелсiз инспекцияны жүргiзуге рұқсат етiлген ұйымдардың қызметiне талдау жасау негiзiнде республика аумағында жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы жүйесiн дамыту жөнiнде ұсыныстар табыс ету;<*> 
      мүдделi министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы жүйесiн енгiзуге байланысты есеп берушiлiк пен ақпараттық қамтамасыз ету нысандарын өзгерту жөнiндегi ұсыныстарын қарау;<*> 
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн экспортталатын тауарлардың тiзбесiн өзгерту жөнiнде ұсыныс ұсыну болып табылады.<*> 
      4. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн комиссияның: 
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, атқарушы өкiметтiң басқа да органдарынан, сондай-ақ меншiктiң барлық түрлерiндегi кәсiпорындар мен ұйымдардан оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша материалдар мен ақпараттар сұрауға; 
      Комиссияның қарауына енгiзiлген мәселелердi пысықтау үшiн қажет болған жағдайда белгiленген тәртiппен сарапшылар мен консультанттарды тартуға; 
      iшiнара тәуелсiз инспекция жүйесiн дамыту жөнiндегi жұмыс тобын құруға құқығы бар. Жұмыс тобының құрамын, оның жетекшiсiн Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары бекiтедi.<*> 
      5. Комиссияның мүшелерi Комиссия мәжiлiстерiне орын алмастыру құқығынсыз қатысады. 
      6. Жұмыс құжаттарын дайындауды қоса алғандағы Комиссия қызметiн техникалық-ұйымдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi тарапынан жүзеге асырылады. 
      7. Комиссия төрағасы Комиссияның мәжiлiсiн жүйелi түрде, бiрақ тоқсанына кем дегенде бiр рет өткiзедi. Комиссияның мәжiлiсi егер оған оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса - құқықтық күшi бар деп саналады. 
      8. Комиссияның шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады және Комиссияның төрағасы қол қоятын хаттамамен, ал қажет кезде белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын Үкiметтiң қаулысының және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасы түрiнде ресiмделедi. 
     9. Комиссияның жұмыс тәртiбi оның регламентiмен белгiленедi.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1996 жылғы 28 мамырдағы     
N 654 қаулысына          
3-қосымша              

        Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара
          тәуелсiз инспекция жүргiзу тәртiбi туралы
                            Ереже

      ЕСКЕРТУ. Ереженiң атауы мен мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi - 
ҚРҮ-нiң 1996.07.12. N 895 қаулысымен.

                  I. Жалпы ережелер

       1. Осы Ереже жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.<*> 
      2. Ереже Қазақстан Республикасының заң және нормативтiк актiлерiнiң талаптары ескерiлiп жасалады және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тауарлар тiзбесi бойынша шетелдермен сыртқы сауда қызметiн жүзеге асырушы барлық экспорттаушылардың орындауы үшiн мiндеттi. 
      3. Ережеде мынадай негiзгi терминдер мен анықтаулар пайдаланылады: 
      экспорттаушы - атынан Қазақстан Республикасынан тауарларды экспорттауға арналған контракт (шарт, келiсiм) жасалған заңды және жеке тұлғалар; 
      импорттаушы - атынан Қазақстан Республикасынан тауарларды импорттауға арналған контракт (шарт, келiсiм) жасалған заңды және жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi және резиденттерi еместер; 
      НБЕ - тәуелсiз инспекцияның нәтижелерi бойынша есеп; 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақтағы 4,6-абзацтар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
1996.07.12. N 895 қаулысымен. 
      4. Кеден органдары мәмiленi кедендiк ресiмдегеннен кейiн 3 күндiк мерзiмнiң iшiнде контрактiлер мен және экспорттаушыдан қабылдаған басқа да құжаттарды iшiнара тәуелсiз инспекция органдарына бередi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. N 895 
қаулысымен. 
      (5 тармақ.)<*> 
      (6-тармақ.)<*> 
       ЕСКЕРТУ. 5,6 тармақтар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. 
N 895 қаулысымен. 
      7. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдарының экспортталатын тауарларға арналған бағаларды импорттаушы-елдердегi сол секiлдi немесе дәл сол уақытта сатудың бәсекеге төтеп беретiн және салыстырмалы шарттарымен импортқа ұсынылған соған ұқсас тауарларының бағасымен салыстыруы әдеттегi сауда практикасына сәйкес мыналарға негiзделедi: 
      а) импорттаушы-елдердегi және бағаларды салыстыру үшiн пайдаланылатын елдегi немесе елдердегi iске қатысты экономикалық факторлар ескерiлiп тек қана салыстыру үшiн шын негiздi қамтамасыз ететiн бағалар қолданылуы қажет;<*> 
      б) ең төменгi бағаны тану мақсатында әртүрлi импорттаушы-елдерге экспорттау үшiн ұсынылған тауарлардың бағасына негiзделуге болмайды; 
      в) өзiндiк шарттар, сондай-ақ сату арқылы контрактiнiң шарттары және мәмiлеге қатысты әдетте қолданылатын нақтылау факторлары назарға алынуы қажет; бұл факторлар сауда операциясының және сату көлемiнiң сатысын, жеткiзудiң мерзiмдерi мен шарттарын, бағаны қайта қарау жөнiндегi ескертулердi, сапа саласындағы өзгешелiктердi, дизайнның өзiндiк ерекшелiктерiн, тиеудiң және ораудың ерекше шарттарын, тапсырыстың, қолма-қол сатудың мөлшерiн, маусымдық әсердi, лицензиялық алымды немесе интеллектуалдық меншiк пен егер қолданылып жүрген үрдiске сәйкес олар үшiн жеке шоттар ұсынылмаса, контрактiнiң шеңберiнде көрсетiлген қызметтер үшiн басқа да төлемдердi қамтуы (бiрақ бұлармен шектелмеуi) қажет; олар сондай-ақ мысалы экспорттаушы мен импорттаушының арасындағы контрактiлiк қатынас сияқты экспорттаушының бағасына қатысты кейбiр элементтердi де енгiзуi керек; 
      г) мынадай элементтер бағаларды тексеру мақсаты үшiн қолданылмауы қажет: 
      импорттаушы-елдегi осы елде өндiрiлген тауарларға арналған сату бағасы; 
      өндiрiстiң қалдығы: 
      еркiн немесе жалған бағалар немесе құндар. 
      8. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары экспорттаушылардан мыналарға тиiстi ақпараттарды ұсынуды талап етпеуi қажет: 
      а) патент алу күтiлiп отырған патенттелген, лицензияланған немесе жабық процестер өндiрiсi туралы деректердi;<*> 
      б) техникалық ережелерге немесе стандарттарға сәйкестiгiн анықтау үшiн қажеттiлерiнен басқа жарияланбаған техникалық деректердi; 
      в) пайдалардың мөлшерлерiн; 
      г) онсыз бұл инспекцияны жүзеге асыру мүмкiн емес жағдайлардан басқа да экспорттаушылар мен олардың жеткiзушiлерiнiң арасындағы контрактiлердiң шарттарын.
      9. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары бақылау барысында алынған барлық мәлiметтердi бұл мәлiметтер бұған дейiн жарияланбаған, үшiншi тараптардың қолы жетпеген немесе қандайда бiр жолдармен жария болмаған шамадан құпия iскерлiк-ақпарат ретiнде қарауы қажет.<*>
      10. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдарына барлық талаптар қолданылып жүрген заңға сәйкес шешiлуi мүмкiн.<*> 
      11. Жалпы контарктiлiк құны 3 мың АҚШ долларынан төмен тауарлар жөнелту алдындағы инспекцияға жатпайды. 

             II. Инспекцияны жүзеге асыру тетiгi<*>

       ЕСКЕРТУ. II-бөлiмнiң атауы өзгертiлдi - 1996.07.12.N 895 
қаулысымен

      12. Мәмiленi кедендiк ресiмдеген сәттен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей кеден органдары осы қаулыға 4-қосымшада көрсетiлген тауарларды Қазақстан Республикасынан әкету туралы жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара тәуелсiз инспекциясын хабардар етедi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. 
N 895 қаулысымен. 
      (13-тармақ)<*> 
      14. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары (немесе уәкiлеттi агент) 10 жұмыс күнi iшiнде экспортталатын тауарлардың санына, бағасының деңгейiне сәйкес iшiнара тәуелсiз инспекцияны жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген тауарларды сипаттау және кодтандырудың үйлесiмдендiрiлген жүйесiне сәйкес тауарлық кодты айқындайды.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ алынып тасталды, 14 тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. N 895 қаулысымен. 
      15. Iшiнара тәуелсiз инспекция органдары (немесе уәкiлеттi агент) инспекциясының аяқталуы бойынша НБЕ республика кеден органдарына бередi.<*>
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ жаңа редакцияда -  1996.07.12. N 895 
қаулысымен.
     (16-тармақ)<*>
     17. Экспортталатын тауарлардың контрактiлiк бағалары НБЕ-де көрсетiлген бағаларға сәйкес келмеген жағдайларда кеден органдары 
2 күн мерзiм iшiнде сараптық мәмiле және НБЕ жөнiндегi материалдарды салық төлеушiлердiң осы айырмадан түсетiн түсiмiн салық салу мақсатында түзету үшiн салық органдарына жолдайды.<*>
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ алынып тасталды, 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. N 895 қаулысымен.
     18. Iшiнара сараптамалардың жалпы процедурасы өндiрiстiк 
процестер мен өнiм экспортына кедергi жасамауға тиiс.<*>
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ жаңа редакцияда, 5-18-тармақтар 5-14-тармақтар болып саналсын - ҚРҮ-нiң 1996.07.12. N 895 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң                
1996 жылғы 28 мамырдағы        
N 654 қаулысына            
4-қосымша                

              Iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн
      Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың
                          Тiзбесi<*>

      ЕСКЕРТУ. Тiзбенiң тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 
1996.07.12. N 895 қаулысымен. ___________________________________________________________________
     Тауарлардың атауы                 | СЭҚ ТН коды
___________________________________________________________________
Қара және түстi металдар өндiрiсiне
арналған шикiзат                           260300000, 260400000, 
                                           260600000-261000000<*>
Тыңайтқыштар                               310100000-3105<*>
Мүйiздi iрi қара малдың терiсiнен
жасалған былғары                           4104
Мүйiздi ұсақ аша тұяқты малдың терiсiнен
жасалған былғары                           4105
Ферроқоспалар                              7202
Қара металдар прокаты                      7208-7217
Түстi металдар                             7401-740500000,
7407-7408,
                                           7501-7502, 750400000,
7601,
                                           7603-7604, 7801,
780300000,
                                           7804,
7901,7903-790500000,
                                           8001, 800400000<*>
Ұн                                         110100<*>
Өңделмеген мұнай                           1270900<*><*>
Табиғи газ                                 271111000<*>            
                                           271121000<*>
Бидай (барлық түрi)                        1001<*>күшi жойылған
Арпа                                       1003<*>күшi жойылған
Күрiш                                      1006<*>күшi жойылған
Мүйiздi iрi қараның немесе жылқы
тақылеттес жануарлардың терiсi             4101<*>күшi жойылған
Қойдың немесе қозының терiсi               4102<*>күшi жойылған
Биязы жүн (меринос, меринос емес, жуылған және
жуылмаған), жартылай биязы, жартылай қылшықты,
қылшық жүндер                              5101<*>күшi жойылған
Жануарлардың түктерi (жiңiшке, қатты) ангор
қоянының, түйенiң, ангор ешкiсiнiң         5102<*>күшi жойылған
Талшықты-мақта                             5201, 5203<*>күшi
жойылған
Мақта қалдықтары (шитi)                    5202<*>күшi жойылған

      ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1996.07.12. N 895, 1996.12.05. N 1492, Бұл толықтырулардың күшi жойылған - 
ҚР Президентiнiң 1996.12.31. N 3309 жарлығымен, Қосымша өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 1997.06.12.  N 958  қаулыларымен.  

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 28 мамырдағы      
N 654 қаулысына         
5-қосымша             

          Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлерге iшiнара 
           тәуелсiз инспекциясын жүзеге асыру құқығына
                 арналған тендердi өткiзудiң
                          Тәртiбi

      ЕСКЕРТУ. Қосымшаның тақырыбы мен мәтiнiне өзгерiс енгiзiлдi - 
1996.07.12. N 895 қаулысымен. 

      1. Осы тәртiп экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүзеге асыру құқығына арналған тендердi өткiзудiң тәртiбiн регламенттеушi негiзгi құжат болып табылады.<*> 
      2. Тендер - тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүзеге асырушы қазақстандық және шетелдiк ұйымдардың мүмкiндiктерiн бағалаудың конкурстық нысаны. 
      3. Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық және шетелдiк ұйымдардың арасында тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарапынан айқындалатын экспортталатын тауарлар бойынша жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекция жүргiзу құқығына арналған тендер өткiзедi.<*> 
      4. Тендерге қатысуға тендерге қатысушыларға ұсынылатын барлық талаптарға сәйкес келетiн кез-келген меншiк нысанындағы қазақстандық және шетелдiк ұйымдар: 
      экспорттық қызметтегi тәжiрибесi 1 жылдан кем болмаса; 
      экспортталатын тауарларға бағалық сараптама жүргiзу үшiн қазiргi заманғы ақпараттық және техникалық қамтамасыз етiлсе; 
      <*> 
       Ескерту. 4-тармақтың 4 абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
1996.07.12. N 895 қаулысымен. 
      5. Тендерге қатысушыларды тiркеу жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясында жүргiзiледi және бұқаралық ақпарат құралдарында тендер өткiзудiң шарттары, орны және тәртiбi жарияланған күннен бастап екi апта өткеннен кейiн басталады.<*> 
      6. Тендерге қатысушы ретiнде тiркеу үшiн мынадай құжаттарды: 
      конкурсқа қатысуға өтiнiш; 
      көшiрменiң белгiленген тәртiбiмен куәландырылғандығы; 
      өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген құрылтайшылық құжаттардың (жарғының, құрылтай шартының және құрылтай жиналысы хаттамасының); 
      ұйымды мемлекеттiң тiркеу туралы куәлiктiң; 
      ұйымның соңғы қаржы жылындағы қаржылық есебiнiң белгiленген тәртiпте расталған көшiрмелерi; 
      мынадай мәлiметтердi қамтитын анықтамалар: 
      а) ұйымның Қазақстан Республикасында және шетелде тауарларды сараптамалық бағалаумен шұғылданатын бөлiмшелерi (филиалдары), олардың экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясы жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыруға ұйымдық және техникалық әзiрлiгi туралы;<*> 
      б) қазiргi заманғы мәлiметтердi өңдеу және беру жүйесiн құруға мүмкiндiк беретiн тәжiрибе мен ресурстардың бар екендiгi, сондай-ақ мәлiметтердi өңдеудiң қолданылып жүрген және жасалынатын ведомстволық жүйесiн пайдалану мүмкiндiктерi туралы; 
      ұсынылатын қызметтердiң сипаты, олардың құны, орындалу мерзiмдерi мен есеп айырысу шарттары, кепiлдiктер мен есептiлiктер туралы ұсыну қажет. 
      7. Тендердiң нәтижелерi бойынша ол өткiзiлген күннен кейiнгi үш күннiң iшiнде жеңiмпаздарға 3 жыл мерзiмге экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу құқығына арналған куәлiк берiледi. 
      8. Өтiнiш берушiнiң тарапынан шарт жағдайлары бұзылған жағдайларда жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы куәлiктi жою туралы дәлелдi шешiм қабылдай алады.<*> 
      9. Экспортталатын тауарлардың iшiнара тәуелсiз инспекциясын жүргiзу процесiнде пайда болған даулар Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiпте қаралады және шешiледi.<*>