Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1288 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 24 мамыр N 641. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      Республиканың ауыл шаруашылығында мемлекеттiк емес сектор ролiнiң барған сайын артып отырғандығы мен мемлекеттiк және шаруашылық басқару функцияларын бөлу қажеттiгiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Астық өндiрудi нығайту және оны өткiзу рыногын кеңейту, облыстардың нанмен және басқа өңделген астық өнiмдерiмен өзiн-өзi қамтамасыз етуi жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1288 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн: 
      1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi