Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi оқу орындарының мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 мамырдағы N 628. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2687  N952687_  өкiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары мектебi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Алматы жоғары тергеу мектебi; 
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қарағанды жоғары мектебi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Қарағанды Жоғары тергеу мектебi болып қайта аталсын. 
      2. Аталған оқу орындарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi мен Iшкi iстер министрлiгiнiң бiрлескен келiсiмiмен iшкi iстер органдарына, оның iшiнде бұрынғы оқытқан мамандықтар бойынша да кадрлар даярлау жүктелсiн. 

    Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi