Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкметiнiң 1996 жылғы 17 мамырдағы N 611 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 наурыздағы N 276 қаулысының қосымшасына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасынан Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетi Өкiлеттi Кеңесiнiң құрамына аталған Кеңес төрағасының орынбасары ретiнде Түрiк Республикасы парламентiнiң депутаты Намық Кемал Зейбек енгiзiлсiн (келiсiм бойынша).
      М.Ауанов аталған Кеңес құрамынан шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi