Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк банктер қызметiнiң ерекшелiктерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 17 мамырдағы N 610

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының Z952444_ 3-бабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк банктердiң қызметi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тарапынан бақылауға және
қадағалауға жатады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынысы
бойынша қабылданған оның қызметiнiң өзгешелiгiнiң негiзiнде әрбiр
жеке банк бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шешiмдерiне
көзделген ерекшелiктер ескерiлiп, банк заңдарымен реттеледi деп
белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
           орынбасары