Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 шiлдедегi N 1021 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 мамырдағы N 565

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Мемлекеттiк әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстау шығындарының нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң

1995 жылғы 26 шiлдедегi N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 298-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
     1-тармақта:
     бiрiншi абзацтағы "мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар" деген
сөздер "заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын, әрi қарай
мәтiн бойынша;
     екiншi абзацтағы "жалақының ең төменгi мөлшерiнде" деген сөздер
"Айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi мөлшерiне" деген сөздермен
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi