1. Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы (бұдан әрi - Комиссия) қоса берiлiп отырған Ереже және Комиссияның дербес құрамы бекiтiлсiн.
2. Комиссия министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен, сондай-ақ жол көлiк оқиғаларының алдын алу жөнiндегi шараларды әзiрлеумен және жүзеге асырумен байланысты мәселелер бойынша қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейтiн ведомствоаралық консультациялық-кеңесшi үкiмет органы болып табылады деп белгiленсiн.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi: жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде облыстық (қалалық комиссиялар құрылып, Комиссия төрағасының функциясын әкiмнiң орынбасарына - төтенше жағдай жөнiндегi облыстық (қалалық) комиссияның төрағасына (лауазымы бойынша) немесе жол қозғалысының және автокөлiк мәселелерiн басқаратын облыс (қала) әкiмiнiң орынбасарына жүктейтiн болсын;
1996-1998 жылдар iшiнде автомобиль көлiгiндегi апатты азайту, қалалар мен поселкалардың көше желiсiн жаңғырту мен дамыту, жол қозғалысын реттеп отыратын техникалық құралдарды тиiстi дәрежеде ұстау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асыратын болсын;
автомобиль көлiгiндегi апатты азайту, жол қозғалысын реттеп отыратын техникалық құралдарды дамыту мен ұстау жөнiндегi шаралар жергiлiктi бюджет қаражаты, салалық және өзге көздер есебiнен жүзеге асырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 желтоқсандағы N 1265 P931265_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 49, 592-бап);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 желтоқсандағы N 1469 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 желтоқсандағы N 1265 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 сәуiрдегi N 396 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 желтоқсандағы N 1265 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 714 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 552 қаулысымен Бекiтiлген Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен тиiстi, мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеумен және iске асырумен, осы мақсаттарға бөлiнетiн қаражатты тиiмдi пайдаланумен байланысты мәселелер жөнiндегi қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi үкiмет органы болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
автокөлiк және қалалық электр көлiгiнде апаттың себептеiн зерттеу және талдау, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру жөнiндегi нұсқамалар әзiрлеу;
жол-көлiк жағдайын сауықтыруға және апатты азайтуға бағытталған мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды, жобалар мен шаралардың басым бағыттарын айқындау және әзiрлеп іске асыруға жәрдемдесу;
жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң басым бағыттарында ғылыми-техникалық әлеуметтi, материалдық-техникалық ресурстар мен бюджет қаржыларын дамытуға және шоғырландыруға жәрдемдесу; автомобиль жолдарын және қалалар мен елдi мекендердiң көше желiсiн салу және жаңғырту бағдарламалары, жылжымалы составтың техникалық сипаттамаларын жақсарту, жол қозғалысын реттеп отыратын осы заманғы техникалық құралдарды енгiзу, көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру, мемлекеттiк автомобиль инспекциясының қызметкерлерiн және көлiк құралдарың жүргiзушiлерiн жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге үйрету;
жол қозғалысының ережелерiне, Қазақстан Республикасының жол қозғалысының қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген заңдары мен нормативтi актiлерiне қажеттi өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен қоғамдық бiрлестiктердiң жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және зардаптардың ауыр болуын азайту мәселелерi жөнiндегi жұмысының тәжiрибесiн зерттеу, бұл жұмыстық оңды нәтижесiн тарату;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарына талдау жасау және жол қозғалысының қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқамалар әзiрлеу;
жергiлiктi, ведомстволық қызметтердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне жәрдемдесу және көмек көрсету;
халықтың барлық жастағы топтарын жол қозғалысы ережелерiне, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жол қозғалысының қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмдi насихаттауға, үйретуге жәрдемдесу;
жол қозғалысының қауiпсiздiгi саласында шетелдiк озық тәжiрибенi зерттеу, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қолдаудың халықаралық ұйымдастырушылық тетiктерiн енгiзу жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу.
3. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен:
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан олардың жол қозғалысының қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қызметiн бейнелейтiн деректердi сұратуға және алуға;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттерде, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, кәсiпорындар мен ұйымдарда меншiк нысандарына қарамастан жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде тексеру жүргiзудi ұйымдастыруға;
өзiнiң мәжiлiстерiнде министрлiктердiң, мемлекеттi комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi баяндамалары мен есептерiн тыңдауға;
министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де орталық және атқарушы жергiлiктi атқарушы органдарға өздерiне бағынысты көлiкте жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз етпеген басшыларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
тиiстi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және мекемелердiң басшыларымен келiсiм бойынша жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша материалдар әзiрлеуге қатысу үшiн, сондай-ақ министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы мәселелер жөнiндегi қаулыларын орындауын зерттеу мен талдау үшiн бiлiктi мамандарды тартуға;
жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру мәселелерi жөнiндегi заң актiлерi мен Үкiмет актiлерiнiң жобаларын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық туралы шарттарды әзiрлеуге қатысуға құқылы.
4. Комиссия өзiнiң жұмысын Комиссияның төрағасы бекiткен
жоспарға сәйкес жүргiзедi. Комиссияның мәжiлiстерi тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және оның нұсқаулық сипаты болады. 5. Комиссияның жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аппараты жүзеге асырады. 6. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы (лауазымы бойынша) болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 552 қаулысымен Бекiтiлген Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы Макиевский Н.М. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң төрағасы (Комиссия төрағасы) Әлиғожанов С.К. - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiнiң бiрiншi орынбасары Бижанов Н.Қ. - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары (Комиссия төрағасының орынбасары) Ковальчук А.В. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Мемавтоинспекция Бас басқармасының бастығы Черепков Е.Т. - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу Бас басқармасының бас маманы (Комиссия хатшысы) Андрющенко А.И. - Қазақстан Республикасының Экономика министрiнiң орынбасары Асқаров Ә.А. - Қазақстан Республикасының Баспасөз iстерi және бұқаралық ақпарат жөнiндегi Ұлттық агенттiгi төрағасының орынбасары Балин В.Ф. - Қазақстан Тұтынушылар Одағы басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша) Бекболатов Ш.Х. - "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Дүйсекеев А. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң бiрiншi орынбасары Досмағамбетов Б.Ф.- Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Ержанов С.Е. - Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы аппаратының құрылыс, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы бөлiмiнiң меңгерушiсi Жаңабаев Т.М. - Қазақстан Республикасы Көлiк құралдарын жүргiзушiлер Одағының орталық кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Жапаров Е.М. - "ДОСААФ" қоғамдық бiрлестiгi орталық комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Жаркенов М.И. - Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрiнiң орынбасары Желтиков О.И. - "Разноимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Исхаков Б.С. - Қазақстан Республикасының бас көлiк инспекторы Кравчук А.В. - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу бас басқармасының бастығы Медеуов Е.Ө. - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрiнiң орынбасары Молдажанов Р.К. - Қазақстан Кәсiптiк одақтары федерациясы төрағасының орынбасары Мұқашев Ж.Д. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң бiрiншi орынбасары Нұрбеков М.Н. - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiнiң бiрiншi орынбасары Романов А.Ф. - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары Рысбеков М.А. - Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң төрағасы Толкунов В.Б. - "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясының бiрiншi вице-президентi Черная О.В. - Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының төрағасының орынбасары Щербаков Ф.И. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiнiң бiрiншi орынбасары