Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 маусымдағы N 864 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 сәуiр N 524

Қолданыстағы
      1996 жылға арналған Үкiметтiң заң жобалары жұмысының жоспары мен

1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспарына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     "Тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi жұмысты жандандыру туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22
маусымдағы N 864 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995
ж., N 22, 252-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:

"Қонақүйлердi пайдалану      Қазақстан Республикасының   1996
ережелерi                    Құрылыс, тұрғын үй және     жылдың
                             аумақтарда құрылыс салу     маусымы"
                             министрлiгi
деген жол алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi