Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 сәуiр N 523

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен халық

депутаттары жергiлiктi кеңестерiнiң немесе олардың орындарының
құрамына сайлануы нәтижесiнде қызмет мiндеттерiн орындаудан
босатылған әскери қызметшiлердiң - халық депутаттарының әскери
қызметтi өткеруiнiң ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 172 қаулысының күшi
жойылған деп танылсын. (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., 
N 6, 82-бап).

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 29 сәуiрдегi
                                          N 523 қаулысымен
                                           бекiтiлген 
     
         Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
             енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар

     1.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармағының күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.06. N 934
              қаулысымен. 

P970934_

 



      2. "Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 251 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженiң (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 122-бап) 3-тармағының "е" тармақшасындағы "Әскери күштердiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кеден органдарының дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 28 сәуiрдегi N 329 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кеден органдарының дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеу тәртiбi туралы ереженiң (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 14, 171-бап) 3-тармағының үшiншi абзацындағы "Қарулы Күштерiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.08.26. N 803
               қаулысымен. P980803_
      5. "Офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртiбi туралы Уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1100 қаулысының 3-тармағындағы "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық әскерлерiне деген сөздер "Шекара әскерлерiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын жетiлдiру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 наурыздағы N 275 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 14, 133-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы туралы ереженiң 16-тармағының бiрiншi абзацындағы "Қарулы Күштер" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрылымдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. "Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуға байланысты шетелдiк инспекция топтарының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 мамырдағы N 743 қаулысындағы:
      1-тармақтың үшiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетiне" деген сөздер "Үкiметке" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi орталық туралы ереженiң мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетiнiң", "Министрлер Кабинетiне", "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiмен" деген сөздер "Үкiметiнiң", "Үкiметiне", "Үкiметi", "Үкiметiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.