Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 шiлдедегi N 830 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 сәуiр N 514

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы N 88 P960088_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргiзудiң тәртiбi мен Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау департаментi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 шiлдедегi N 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 346-бап) N 1 қосымшасына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Тәртiп "Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы" және "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленген және сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына ведомстводан тыс сараптау жүргiзудi белгiлейдi, ол құрылыстағы инвестициялардың техникалық-экономикалық негiздемесiн, құрылысқа арналған жобаларды, жұмыс жобаларын, объектiлер мен кешендердi қай жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтау және күрделi жөндеудi (бұдан әрi-құрылыс құжаттамасы) қамтитын сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына ведомстводан тыс сараптау жүргiзудi реттейдi;
      бiрiншi абзацқа берiлген сiлтеме алынып тасталсын;
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау департаментiн, оның облыс орталықтарындағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы аумақтық басқармаларын (бюроларын) (бұдан былай - Мемсараптама)" деген сөздер "Жобалардың мемлекеттiк ведомстволардан тыс сараптамасын (бұдан былай - Мемсараптама) оның облыстар орталықтары мен Алматы қаласындағы еншiлес кәсiпорындарын деген сөздермен ауыстырылсын";
      3-тармақтың екiншi абзацындағы "сәулет пен қала құрылысы құжаттамалары" деген сөздер "құрылыс құжаттамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "Мемсараптау органдары немесе мемлекеттiк емес сараптау органдары" деген сөздер "Мемсараптама (олардың еншiлес кәсiпорындары) немесе мемлекеттiк емес сараптама субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "Министрлер Кабинетiнiң" және "Министрлер Кабинетi" деген сөздер тиiсiнше "Үкiметiнiң" және "Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн толық немесе iшiнара мемлекеттiк бюджет, арнаулы мемлекеттiк қорлар, банк кредитi, мемлекеттiк валюта қаражаты мен инвестициялық кредиттер есебiнен, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаттары есебiнен салынатын объектiлер мен кешендер құрылысының құжаттамасын мемлекеттiк сараптауды (қажет болған жағдайда министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден мамандар тарта отырып):
      базалық бағада сметалық (есептiк) құны 10 млн. теңгеге дейiн болатын объектiлер мен кешендер бойынша - Мемсараптаманың еншiлес кәсiпорындары;
      үлгiлiк, эксперименттiк, қайта бекiтiлген жобалар және үлгiлiк жобалық шешiмдер бойынша - Мемсараптама жүзеге асырылады";
      9-тармақтағы "Мемсараптама органдары ... объектiлер мен кешендердiң жобаларының (жұмыс жобаларының) ТЭН-iн, ТЭС-iн... қарастырады) деген сөздер "Мемсараптама...объектiлер мен кешендердiң құрылыс құжаттамасын... қарастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Мемлекеттiк инвестицияларды тартусыз қаржыландыратын объектiлер мен кешендердiң құрылыс құжаттамасы сараптау жұмыстарын орындауға мемлекеттiк лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi сараптауына жатады";
      11-тармақтағы "ТЭН-i, ТЭС-сi және жобаларды (жұмыс жобаларын)" деген сөздер "құрылыс құжаттамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақтағы "органдарының" деген сөз алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi