1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерi қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 25 сәуiрдегi
N 507 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын азаматтардың жеке меншiгiне сату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 ақпандағы N 216 P940216_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 12, 110-бап) бекiтiлген Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын азаматтардың жеке меншiгiне сату туралы Уақытша ережеде:
4-тармақтың екiншi абзацындағы "коммерциялық конкурстар" деген сөздер "сауда" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың үшiншi абзацындағы "жабық коммерциялық конкурста" деген сөздер "жабық саудада" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Ұлттық акционерлiк мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялар, акционерлiк қоғамдар және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлерiн жекешелендiрудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 ақпандағы N 193 P950193_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 7, 79,-бап) бекiтiлген Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялар, акционерлiк қоғамдар және ұжымдық кәсiпорындар балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерiн жекешелендiрудiң тәртiбi туралы Ережеде:
4-тармақтың екiншi абзацындағы "коммерциялық және инвестициялық конкурстарда" деген сөздер "немесе тендерлерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "аукционда, коммерциялық немесе инвестициялық конкурста" деген сөздер "саудада" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың екiншi абзацындағы "коммерциялық және инвестициялық конкурстарда" деген сөздер "тендерлерде" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Әлеуметтiк-мәдени объектiлердi сатудан алынған қаражат сауданы ұйымдастыру мен өткiзуге арналған шығыстарды қоспай, мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi".
9 және 10-11-тармақтар (4-бөлiм) алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 сәуiрдегi N 507 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 ж. 20 шiлдедегi N 633 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1993 ж, N 30, 353-бап) 1-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары.
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 47 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 3, 23-бап) 1 және 3-тармақтары.
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 10 наурыздағы N 257 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,N 13, 124-бап).
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 сәуiрдегi N 341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 16, 164-бап).
5. "Мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан алынған қаражатты пайдаланудың Уақытша тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 қаңтардағы N 107 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 4, 56-бап).
6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 15,177-бап).
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi бiрiншi орынбасарының 1995 жылғы 11 мамырдағы N 7-34 өкiмi 4-тармағының үшiншi абзацы.
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 тамыздағы N 1177 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж. N 29, 353-бап) 3-тармағының екiншi-сегiзiншi абзацтары.
9. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 және 1994 жылғы 6 сәуiрдегi N 341 қаулыларына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 маусымдағы N 868 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 253-бап).