"Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысындағы елеулi кемшiлiктер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 427 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1. 3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кеден басқармаларының және "Бақты" кеденiнiң басшыларын қызметтен босатсын";
2. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Темiр-Жол-Терминал", "Астана" және автожүк кеденiн Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кеден басқармасының бағынысына берсiн".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi