1. Iссапарға жiберушi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары 10 күн мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылығының мәлiмдеуiне сәйкес валюта қаражатының пайдаланылуы жөнiнде мерзiмi өткен аванстық есептердiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де атқарушы органдар мерзiмi өткен аванстық есептерiн осы қаулының 1-тармағында белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда 1996 жылдың 1 мамырына дейiн шетелдiк iссапар жөнiндегi берешегiн мекеменi ұстауға арналған шығыстар сметасы есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аударым жасаған күнгi бағамы бойынша шет ел валютасының теңге баламасында аударым жасасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығы министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және өзге де орталық атқарушы органдарға олардың қызметкерлерiнiң мерзiмi өткен берешектерi болған жағдайда кезектi шетелдiк iссапарларға арналған валюта қаржысын бермесiн.
4. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi:
министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдарға 1996 жылдың 1 сәуiрiне шетелдiк iссапарлар бойынша берешектерi бар қызметкерлердiң тiзiмдерiн берсiн және берешектердiң өтелуiне бақылау жасасын;
шетелдiк iссапарларға арналған валюта қаражатының пайдаланылуына және берешектердiң уақтылы өтелуiне бақылауды күшейту жөнiнде қосымша шаралар қабылдасын.
5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 қазандағы N 1080 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 42, 510-бап);
"Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы Ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы Ережелерiнiң 54-бабының бiрiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 24, 250-бап).
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi