1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылы реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шараларының кең ауқымды жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1996 жылы табиғи монополияшы-кәсiпорындарды құрылымдық қайта ұйымдастырудың жоспар-кестесi қосымшаға сәйкес бәсекелес буындарды көрсете отырып бекiтiлсiн.
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер табиғи монополияшы-кәсiпорындарды құрылымдық қайта ұйымдастыру жобасын бәсекелес буындарды және табиғи монополия объектiлерiн көрсете отырып жоспар-кестеде белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ұсынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 28 наурыздағы
N 361 қаулысына
қосымша
1996 жылы табиғи монополияшы-кәсiпорындарды
бәсекелес буындарын көрсете отырып құрылымдық
қайта ұйымдастырудың
ЖОСПАР-КЕСТЕСI
___________________________________________________________________
Табиғи монополияшы-кәсiпорын | Орындау мерзiмi
______________________________________|____________________________
"Қорғау" ҰАК наурыз
"Қазтелеком" ҰАК наурыз-сәуiр
"Қазақстан әуе жолы" ҰААК сәуiр
"Мұнайгаз" МХК сәуiр
"Қазақстанэнерго" ҰЭЖ мамыр
"Гидрогеология" МХК -"-
"КАТЭП" ҰАК -"-
"Коском" АХК маусым
"Алаугаз" МХК -"-
"Қазақгаз" МХК -"-
___________________________________________________________________