Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 наурыздағы N 358

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылға арналған
реформаларды тереңдету жөнiндегi шаралардың кең ауқымды жоспары"
атты 2-қосымшасында:
     "Аймақтық саясат" атты Ү.2.-бөлiмi 165 реттiк номерiнен кейiн
қосымшаға сәйкес "165-1 және 165-2" реттiк номерлерiмен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                         1996 жылғы 25 наурыздағы
                                              N 358 қаулысына
                                                 қосымша

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                         1996 жылғы 12 қаңтардағы
                                              N 56 қаулысына
                                                 2 қосымша

          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылға
            арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi
                шаралардың кең ауқымды жоспары
___________________________________________________________________
Рет|                             |   Аяқталу  |   Орындалу және    |
 N |        Шараның атауы        |    нысаны  |    Үкiметке ұсыну  |
   |                             |            |      мерзiмi       |
___|_____________________________|____________|____________________|
 1 |              2              |      3     |          4         |
___|_____________________________|____________|____________________|
   |                             |            |                    |
   |                             |       Ү.2. Аймақтық саясат      |
165|Облыстар мен Алматы қаласы   |   Үкiмет   |  1996 жылдың       |
-1 |әкiмдерiнiң аймақтарда рефор.|   қаулысы  |   наурызы          |
   |маларды тереңдету жөнiндегi  |            |                    |
   |iс-қимыл бағдарламалары мен  |            |                    |
   |жоспарларын бекiту           |            |                    |
   |                             |            |                    |
165|Қазақстан Республикасының    |  Үкiмет    |   1996 жылғы       |
-2 |Аймақтық саясаты тұжырымда.  |  қаулысы   |      мамыр         |
   |масын әзiрлеу                |            |                    |
   |                             |            |                    |

_____________________________________________________
   Орындалуына жауапты   |    Үкiмет Аппаратында
   министрлiктер мен     |    бақылауға жауаптылар
   ведомстволар          |
_________________________|___________________________
           5             |             6
_________________________|___________________________
   Экономминi, облыстар  |   Аумақтық даму бөлiмi
   мен Алматы қаласының  |
   әкiмдерi              |
                         |
                         |
   Экономминi, мүдделi   |   Аумақтық даму бөлiмi
   министрлiктер мен     |
   ведомстволар,         |
   облыстар мен Алматы   |
   қаласының әкiмдерi    |
                         |