"Ақтау теңiз сауда порты" акционерлiк қоғамының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 наурыздағы N 356

Қолданыстағы

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi акцияларының 90 процентi мемлекет иелiгiндегi "Ақтау теңiз сауда порты" акционерлiк қоғамын, белгiленген тәртiппен тарату мәселесiн шешсiн және оның негiзiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құрсын.

      2. "Ақтау теңiз сауда порты" мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 қыркүйектегi N 1075  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 39, 434-бап) күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi